Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
Fc- фрагмент деп аталады. Fab және Fc фрагменттердiң арасындағы аумақ
шарнирлі деп аталады, себебі ол антиген байланысу кезінде, сонымен
қатар, рН өзгеруі және Fab-үзіндісінің иондық күші ортасында Fс-
үзіндісінен өтетн өсіне қарағанда 90 градусқа айналады.
Fab және Fc-фрагменттердің қызметтері Fab-фрагменттің негізгі қызметі антигенді байланыстыру, себебі
оның құрамына Ig молекуласының белсенді
антигенбайланыстырушы орталық кіреді, ол жеңіл және ауыр тізбекті V
Н
және V
L
домендерінен құралған.
Fc-фрагменттің қызметтері: 1.
Иммуноглобулиндердің әртүрлі кластары Fc-үзіндісінің құрамы бойынша ерекшелінеді . Бұл ерекшеліктері Fc-үзіндісіне кіретін СН-
домендерінің санына, сонымен қатар, аминдық қышқылдарының
құрамына байланысты болады (қосымша домендер болуы мүмкін, мысалы
СН
4
- IgМ және IgЕ). Fc-үзіндідегі құрылыс ерекшелігіне байланысты
иммуноглобулиндер кластары қызметіне қарай да ерекшелінеді.
2.
Fc-үзіндісінің көмегімен иммуноглобулиндер молекулаларының полимерленуі өтедi (мысалы, секреторлы IgА димер және тример түзеді,
IgM - пентамер). Иммуноглобулиндердiң полимерлер құруы 5 суретте
көрсетiлген.
3.
IgM, IgG 1 , IgG 3 Fc-үзіндлерінде шарнирлі аумақ арқылы антиген байланысуы кезінде құрылымдық өзгеріс өтеді, бұл кезде СН
2
-домен
аймағында комплемент жүйесінің бірінші компонентін байланыстыратын
белсенді аймағы қалыптасады, сондықтан
иммуноглобулиндердiң бұл кластары комплемент жүйесін классикалық жолмен белсендіреді. 4.
Fc-фрагменті көмегімен В-лимфоциттердiң плазмалық мембранасына иммуноглобулин молекуласы тіркеледі де, антигентанушы рецептор қызметін атқарады. 5. Организмнің
көптеген жасушалар бетiнде әртүрлi Ig класына арналған Fc-рецепторлары бар . Егер ол рецепторларға сай келетін Ig
немесе құрамында Ig бар иммундық комплекс тіркелсе, онда сол
рецепторлар арқылы берілген жасушалардың жұмысының беленуі немесе
басылуы жүреді. Мысалы:
Плацента трофобласттарында тек IgG-ға арналған Fc-рецепторлары
бар. Ол рецепторларға тіркеліп, IgG белсенді тасымалдану әдісімен
плацента арқылы анадан ұрыққа трансплацентарлы түрінде беріледі және
нәрестенің пассивтік иммунитетін қамтамасыздандырады. Плацентада бұл
иммуноглобулиннен басқа кластарына рецепторлар жоқ, сондықтан
плацента арқылы басқа иммуноглобулиндер өте алмайды.