45
лимфоциттердiң
жетілгендігін
көрсетеді.
Сонымен
қатар,
В
2
-
лимфоциттердің бетінде барлық иммуноглобулиндердің кластарына
жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В
2
-лимфоциттер кез-
келген антигенге қарсы (тимустәуелді және тимустәуелсіз) жауап
қайтарады және барлық иммуноглобулиндерді
синтездей алады, ол –
екіншілік иммунды жауаптың негізін құрады.
В
2
-лимфоциттер тек иммуноглобулиндер синтездейтiн плазмалық
жасушаларға айналмайды, сонымен қатар олар антиген жайлы хабар
сақтай алатын
еске сақтаушы В-лимфоциттерге
де айналады.
Организмге қайта антиген енгенде, еске сақтаушы В-лимфоциттер
көмегімен антиген тануы жеделірек жүріп, сай келетін В-лимфоциттер
клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер синтезделiнедi.
В
2
-лимфоциттер
кезеңінде
антигентәуелді
дифференциялану
нәтижесінде, белгілі
антигенге әсер көрсетуші В-лимфоциттер клонының
әр
қайсысының
ішінде
кезекпе-кезек
иммуноглобулиндердің
молекулаларының ауыр тізбегінің синтезін кодтаушы гендердің алмасуы
соңында,
В
2
-лимфоциттердің негізгі төрт тобы пайда болады
: β
, β
, β
,
β
;
олар IgM, IgG, IgE, IgA-ң синтезделiнуiмен секрециясын жүзеге
асырады.
Дифференциялану кезiнде бiрiншi болып бетінде IgD және IgM
орналасқан В
2
-лимфоциттер тобы пайда болады, кейін олар M
иммуноглобулинды сыртқа синтездейдi.
Содан
кейін,
дифференциялану
кезiнде
гендердің
алмасуы
нәтижесінде бетінде IgD және IgG бар В
2
-лимфоциттер
тобы құрылады,
олар берілген антигенге қарсы IgG синтездейдi. Үшінші болып - бетінде
IgD және IgE бар, IgE синтездейтiн В
2
-лимфоциттер тобы құрылады; ал еің
соңғы төртінші топқа - бетінде IgD және IgA бар В
2
-лимфоциттер кiредi,
олар IgA түзуші плазмалық жасушаларға айналады.
В
2
-лимфоциттер бетiндегі IgD тек мембранамен байланысқан түрінде
болады, қалыпты жағдайда сыртқа өте аз бөлінеді. Бұл иммуноглобулин
әсері толық зерттелмеген, бірақ В-лимфоциттердiң
бетінен алынып
тасталса, онда оның тимустәуелді антигенге әсер ету қабілеті
төмендейтіндігі эксперимент түрінде дәлелденген.
Сөйтіп,
организмге кез-келген антиген түскенде (тимустәуелді және
тимустәуелсіз) гуморалды жауап кезінде антигенге қарсы бірінші IgM
синтезделiнедi, ал содан кейін басқа кластарының иммуноглобулиндері
IgG, IgE, IgA синтезделiнедi
, бұл организмнің тіндері мен мүшелерінің
эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: