Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет43/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

негiзгi қызметi 
инфекцияға қарсы иммунитет құруы
болып табылады. 
Инфекцияға қарсы иммунитетте қорғаныстық әсер ету механизмi 
бойынша ерекшеленетiн антиденелердiң бiрнеше топтары болады: 

Бактериалдық токсиндердi бейтараптаушы антиденелер; 

Вирустың жасушаға жабысуына қарсы, вирусты бейтараптаушы 
антиденелер; 

Комплемент 
қатысуымен 
вирус 
жұқтырған 
жасушаға 
цитотоксикалық әсер көрсетуші антиденелер; 

Комплемент 
қатысуымен 
бактерияның 
жойылуын 
(лизиске 
ұшырау) шақырушы антиденелер; 

Қоздырғышты опсонизациялаушы және оның ферменттiк жүйесiн 
басушы антиденелер; 

Макрофагтарды опсонизациялаушы және фагоцитозды күшейтуші 
антиденелер; 

Еритiн антигенмен комплекс түзiп, комплементтiң активтенуiнiң 
есебiнен қан тамырларының өткiзгiштiгiнiң жоғарлауын шақырып 
және жедел қабыну белгiлерiнiң дамуына қатысушы антиденелер; 

Гельминттерге 
қарсы 
полиморфты 
ядролы 
лейкоциттердiң 
цитотоксикалық әсерiн күшейтуші антиденелер. 
 
В-лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы.
В-лимфоциттер дифференциялануының негізгі кезеңдерi: 
1.
Сүйек кемегінің көп қабiлеттi бағаналы жасушалары (КҚБЖ) 
2.
ЛБК- лимфоциттердің бастаушы жасушалары (жалпы лимфопоэз 
бастаушысы) 


44 
3.
Бастаушы В-лимфоциттер (б-В) 
4.
В
0
-лимфоциттер 
5.
В
1
-лимфоциттер 
6.
В
2
-лимфоциттер 
Сүйек кемегіндегі антигентәуелсіз дифференцияланудың кезеңдерi: 
КҚБЖ 

ЛБЖ –

бастаушы-В-лимфоциттер 

В
0
Иммунитеттің шеткері мүшелерінің тимустәуелсіз аймақтарында 
өтетін антигентәуелді дифференцияланудың кезеңдерi:
 
В
1
-лимфоциттер 

В
2
-лимфоциттер. 
В-лимфоциттердің бастаушысы, басқа қан жасушалары тәрізді, сүйек 
кемегінің көп қабiлеттi бағаналы жасушасына жатады. Барлық Т- және В-
лимфоциттердiң жалпы бастауышы 

жартылай бағаналы жасушалы кезеңi 
арқылы бастаушы В-лимфоциттер пайда болады, олар кейiннен жетілмеген 
В
0
-лимфоциттерге айналады. Бұл дифференциялануы сүйек кемегінде 
бөгде антигенмен байланыспай тұрып өтеді.
В
0
-лимфоциттер қан айналым арқылы көшіп, шеткері лимфоидты 
мүшелердің тимустәуелсіз аймақтарында қоныстанады. Сол жерде В-
лимфоциттердің әрі қарай жетілуі мен дифференциялануы өтеді, сөйтіп 
организиге 
түскен 
антигендермен 
байланысу 
арқылы, 
олар 
иммунологиялық серпілістерге бейімділігін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет