ГУМОРАЛДЫ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІ В-лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы. В- лимфоциттердің негізгі рецепторлары және маркерлері. Иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы. Иммуноглобулиндердің изотиптері, аллотиптері және идиотиптері. Антиидиотиптер. Антиидиотиптік тор. Иммуноглобулиндердің негiзгi кластарының құрылыс ерекшелiктерi мен қызметтерi. Моноклонды антиденелер. Гуморалды иммунитет жүйесі
антигендерге қарсы антидене
синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның
функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы
фагоциттер жүйесімен тығыз қарым-қатынасуына байланысты болады.
Гуморалды иммунитет жүйесiнiң негiзгi жасушаларыантидене синтезiне жауапты В-лимфоциттер болып табылады. Антидененiң
гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритiн және корпускулалы
антигендермен иммундық комплексі түзiлуiне байланысты. Иммундық
комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және/немесе жойылады.
Бұл негiзi үш тәсiлге байланысты: бейтараптау (нейтрализация),
комплемент жүйесiнiң активтенуi және фагоцитоз.
Сонымен ,
антидене гуморалды иммунитет жүйесiнiң негiзгi эффекторлы бөлiгi болып табылады. Антидененiң негiзгi қызметi -
антигендi арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененiң арнайы
әсерлесуi олардың арасындағы комплементарлық пен кеңiстiктiк
сәйкестiкке негiзделген.
Ең алғашында
гуморалды жүйенің орталық мүшесі құстарда
табылған,
ол Bursa Fubricius мұшесi, сол себептен Bursaдағы лимфоциттер В-
лимфоциттер деп, ал гуморалады иммунитет жүйесі В-жүйесі деп аталған.
Сүтқоректілерде Bursa Fabricius аналогы эмбрионалды кезеңiнде
бауырдағы қан ошақтары, ал постнаталды кезеңде