Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-тәуелдi антигендер (Т-тәуелдi)



Pdf көрінісі
бет37/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Т-тәуелдi антигендер (Т-тәуелдi)В-лимфоциттердiң антидене 
түзiлiсiне мiндеттi түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың 
қатысуын қажет ететiн антигендер. Бұл антигенге қарсы серпiлiс 
генетикалық негiзгi гистосәйкестiк кешенiмен қадағаланады.
Бұл кезде 
бiрiншi арнайы белгiнi
- В-лимфоциттер гаптеннен алады

Екiншi белгi В-лимфоциттерге Т-хелперлерден түседi.
Т-хелперлер 
макрофагтармен кооперациялану кезiнде антигеннің тасымалдаушысын 
танып, 
белсенедi 
және 
В-лимфоциттердiң 
пролиферациясы 
мен 
дифференциялануын шақыратын медиаторлар - лимфокиндердi бөледi. 
Ондай цитокиндер ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-6, IFN-γ (В-лимфоциттердiң 
дифференциялануы мен өсушi факторлары) болып табылады. Оның iшiнде 


39 
маңызды рөл атқаратын ИЛ-2. Бұл лимфокиндер В-лимфоциттердiң 
мембранасына әсер етiп, олардың екiншi белгiнi алуын қамтамасыз етедi. 
В-лимфоциттiң клоны екiншi белгiнi алғаннан кейiн көбейiп, кейiн 
иммуноглобулиндер түзетiн плазмалық жасушаға дифференцияланады. 
Антигеннiң тануы иесiнiң генотипiне байланысты. Иесiнiң кейбiр 
антигендерiне жеке ареактивтiлiк дамуы мүмкiн, яғни иесiнiң Т-
лимфоцитiмен танылмайды, бiрақ В-лимфоциттер клондары берiлген 
гаптенге антидене түзу қабiлетi болсада, ағзаға антиген енгiзгенде 
антидененiң түзiлуi жүрмейдi. Мысал ретiнде, алғаш рет Ландштейнер 
ұсынған жасанды антигендердi жасау тәжiрибесiн алуға болады. 
Динитрофенол (ДНФ) антиген емес екенi белгiлi, бiрақ табиғи 
нәруыздың (мысалы, альбуминмен), немесе жасанды полипептидтермен 
байланысқаннан кейiн антигендiк қасиетке ие болады. Нәтижесiнде
тимустәуелдi антиген ретiнде танылатын конъюгат алынады. Байланысатын 
полипептидтiң молекула салмағы неғұрлым көп болса, неғұрлым оның 
құрылымы қатты және реттi болса, соғұрлым алынған антигеннiң тимус 
тәуелдiлiгi аз болады. Тасымалдаушының аминқышқылды құрамы 
маңызды, ол антигеннiң “тануын” анықтайды. Осылайша, ДНФ коньюгаты 
(глу-ала-тир) 
теңiз 
шошқаларында 
ДНФ-ке 
антиденелер 
түзiлуiн 
ынталандырады, бiрақ жеке ареактивтiлiк орны байқалуы мүмкiн. ДНФ 
коньюгаты – бұқа сарысу альбуминi де антидене түзiлуiн тудырады, ДНФ-
полилизинi ДНФ-ке антиденелер түзiлуiн ынталандырмайды. Яғни, 
жануарларда ДНФ-ке арнайы антиденелер түзетiн лимфоциттердiң клоны 
болады. Бұл түзiлiстiң жүзеге асуы тасымалдаушының химиялық 
құрылымына, иесiнiң лимфоциттерiнiң генетикалық детерминантталған 
«тану» қабiлетiне байланысты болады.
Теңiз доңыздары, динитрофенол мен А-тасымалдаушысы (ДНФ-А; А және 
В - әр түрлi химияық құрамды тасымалдаушылар) коньюгатымен 
сенсибилизацияланған кезде ДНФ-В-мен емес, ДНФ-А-мен ғана жоғары 
сезiмталдықтың баяу түрiнiң (Т-жасушалық серпiлiс) терiлiк серпiлiсiн 
беретiнi дәделденген. Бұл кезде ДНФ-А коньюгатымен иммунизациялану 
ДНФ-В мен әсерлесетiн антиденелердiң пайда болуына алып келедi. 
Сонымен, 
жасушалық 
иммунитет 
серпiлiстерi 
тасымалдаушының 
арнайылығымен анықталады, ал гуморалдық жауап (антиденелер түзiлiсi) 
гаптендi арнайылығына ие.
Т-тәуелсiз антигендерге бiрiншiлiк иммундық жауап әдетте Т-
тәуелдiге қарағанда
әлсiздеу және жоғарғы шыңына ертерек жетедi. Екi 
жағдайда да негiзiнен 
Ig M
класына жататын 
антиденелер
өндiрiледi.
Бiрақ 
та Т-тәуелсiз және Т-тәуелдi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет