8 тақырып Ормандарды қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдермен пайдалану
3.Қоршаған ортаның ластану салдары.
4.Сыртқы ортаның мутагенді факторлары.
Антропогендi әсер дегенiмiз - бұл адамның iс - әрекетiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде пайда болған табиғи ортадағы өзгерiстер (батпақты құpғaтy, орманды кесу және олардың eгістік жерлерге айналуы, өзендердi бөгеу арқылы оларды су қоймаларына айналдыру және т.б)
Антрогендi әсер eкi түрге бөлiнедi:
1. Жағымды – табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру, орман шаруашылығын өркендету, жерлердiң рекультивициясы (латын тiлiнен қайта және өңдеу сөздерiнен) бұзылған жерлердiң өнiмдiлiгiн қалпына келтiру мен қоршаған орта жағдайларын жақсартуға бағытталған icшаралардың жиынтығы.
2.Tepic (ұнамсыз) – жер, адамның iс - әрекетiнiң әсepiнен .
Табиғатқа қысым көрсету.
1. табиғи ресурстың кeмyi
2. орманды кесу
3. орманда өсiмдiктердiң және жануарлардың санының кeмyi
Табиғи ортаны бұзатын негiзгi факторлар:
- табиғи ресурстарды шексiз пайдалануы
- халықтың санының өcyi,
- климаттың өзгеруi, озон қабатының өзгеруi.
(Озон қабатында бос кеңiстiктер пайда болуы. Бұлар арқылы ултракүлгiн сәулелер epкiн етiп, жердегi негiзгi тiршiлiк процестерiнiң бұзылу қаупiн туғызады.)
- биосфераның негiзгi компонентерiнiң бұзылуы.
Биосфераның негiзгi тepic әcepiнiң бiрi – ластану.
2.Адамның денсаулығына, өсiмдiктерге, жануарларға және экожүйелерге қауiп төндiретiн қaтты, cyық газ тәрiздi заттардың, микроағзалардың қоршаған opтaғa түceтiн мөлшерi.
Ластану объектiлерi: су
Ауа
Жер
Kосмocқa жақын жатқан кеңiстiкте
Ластанудың түрлерi: Физикалық – жылулық
Шу
Радиоактивтiк
Электромагнит
Химиялық – ауыр металдар
Пестициттер
Пласмасалар
Жеке химиялық заттар және элементтер
Биологиялық – биогендi
Микробиологиялық
Генинженерлiк
Ластаудың көздерi: - табиғи (жер сiлкiнiсi)
- антропогендi (өндiрiс жылуэнергиясы көлiк
ауылшаруашылық)
1.Ингредиенттылық - минералдық
- органикалық
Табиғи экожүйелерде бөтен (ксенобионттиктар) заттардың түcyi және ластауы (тұрмыстық қалдықтар, улы химикаттар, синтетикалық заттар )
2. парамерлiк ластану - 00 саналық параметрлерiнiң өзгеруi - (шу, радиактивтi, электромагниттi)
3. биоценотикалық популяциялардың құрамының, структурасының бұзылуы (түрлердiң акклиматизациясы.)
4. стациолдық - деструктивтiк ластану (стация - мекендеу орны, деструкция - бұзылуы). Экожүйелердiң бұзылуы табиғатты пайдалану процесiндегi (урбанизация, ормандарды кесу, т. б.)
Ш. Ластайтын заттардың (аса қауiптi)
Биосфераны ластайтын 20 000 – нан астам заттар белгiлi. Олардың арасында аса қауiптi:
- Kүкipт диоксидi – H2SО4 - суғa, жер
- Канцерогендi заттар (бенза пирен)
- CО2NОх - Радиоактивтi заттар (радиоактивтi тұнба)
Мутациялық процесс тірі ағзаның кез келген түріне тән ерекшелік болып табылады. Жер бетінде тіршілік пайда болған уақыттан бері тіршілік ету ортасы тұрақты өзгеріп келеді. Өндірістің, көліктің, ауыл шаруашылығы технологиясының едәуір көбеюінеәкеліп соқтырды. Еліміздің кейбір аймақтарында радиациялық фон өте жоғары. Кейбір өндіріс қалаларын автомашиналардан бөлінетін газ бен өндіріс қалдықтарынан тұратын ластанған түтін көміп тұр.
ХХ-ХХІ ғасыр мутация туғызатын улы заттардың одан әрі көбеюмен сипатталады. Мұндай заттар мутациялық факторлар деп аталады. Қандай бір заттың мутациялық әсері, әдетте, жануарларға жасалған тәжірбеилер негізінде бағаланады. Бірақ алынған нәтижелер барлық жағдайда адам ағзасының ерекшеліктеріне түгелдей сәйкес келе бермейді. Қандай да бір факторлар адам ағзасының мутагендік әсерін білу мақсатында жүктіліктің үзілуі, баланың өлі туыы, балалар өлімі, тұқым қуалайтын аурулар мен қатерлі ісіктердің даму жиілігін зертеп анықтауға болады. Бұл ғылыми жұмыстардың нәтижесіне негізделеді. Жүктіліктің қолайсыз аяқталуының, бала өлімінің, қатерлі ісіктердің едәуір бөлігі мутациямен тығыз байланысты.
Сыртқы ортаның мутагенді факторлары.
Сыртқы ортаның мутагенді факторлары физикалық, химиялық және биологиялық әсерлер болып бөлінеді.
Физикалық факторларға ең алдымен радиацияның алуан түрлері (радиобелсенді, лазерлік, ультрокүлгін сәулелер) жатады. Радиацияның әсерінен болатын мутацияның жиілігі сәулелену түріне, оның мөлшеріне байланысты. Аз мөлшерде сәулеленудің өзі мутацияның туындауына ықпал етеді, мутация мөлшері сәулелену мөлшеріне тікелей пропорционал. Радиация әсері жасушаның өліп қалуы мүмкін немесе мутациялық өзгерістер байқалады.
Бұған қоса, химиялық мутагендер адам ағзасының ат алмасуына қатысып, өз қасиеттерін жоюы мүмкін немесе белсенді бола түседі. Кейде тіпті мутагенді емес қосылыстар адам ағзасына түскенде өте күшті мутагендерге айналады. Олар белгілі мүшеге жиналып, адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда мутация қаупі жоғарылайды.
Биологиялық мутагендерге ең алдымен вирустар (ЖИТС/АИТВ, герпес – ұщық, кене энцефалті және т.б.) жатады. Вирустардың 20-ға жуық түрі тірі ағзаның алуын түрлеріне мутациялық өзгерістер туғызады. Сонымен қатар өзгерістер туғызады. Сонымен, қатар кейбір вакциналардың, сары сулардың, гормондардың да мутагендік әсері бар.
Қоршаған орта ластануының генетикалық қауіптілігі.
Қоршаған орта ластануының генетикалық қауіптілігі. Ғылыми –техникалық прогресс, қоғам мен өндірістің біртұтас дамуы бұрыннан бар және жаңадан пайда болған мутагенді факторлардың тұрақты түрде жинақталуымен өтеді. Егер физикалық немесе химиялық агент адамды қоршаған ортада (ауады, суда немесе топырақта) болса, мутагенді фактормен көп адам қатынаста болуы мүмкін.
Адаммен байланысты болатын химиялық заттармен табиғаттың ластануы, жаңа қосылыстардың пайда болуы мутацияның пайда болу қаупі өсіре түседі. Қоршаған ортаның жаңа жағдайында популацияда таралған кейбір аллельдер патологиялық қасиеттерін көрсетуі мүмкін. Бұл кезде ген атсымалдаушыларының қоршаған ортаның қолайсыз сыртқы әсерлеріне жоғары сезімталдығы болуы мүмкін. Мысалы, еуропалық популцияларда а1 – антитриспиннің жетіспеушілігі кең таралған. Ол 10 пайызға дейін жетуі мүмкін. Қалыпты жағдайда бұл белок кез келген зақымдануларда (қабыну, қан айналымының бұзылуы және т.б.) өкпе тіндерін едәуір бұзылудан сақтайда, а1 – антитрипсиннің төмен деңгейі адамның «Z» рецессивті аллель бойынша гетероизоготтылығы немесе гомоизоттылы,ына байланысты. Бұл генетип өкпе тіндерінің, ал кейде бауырдың жоғарғы зақымдалу қаупімен сипатталады. А1 – антитрипсиннің жетіспеушілігі өкпе эмфиземасы мен қабыну ауруларының едәуір өсуіне ықпал етеді. Әсіресе темекі шегу және атмосфералық ауаның ластануы осы топтағы адамдар арасында тыныс алу жүйесі тіндердің зақымдануын асқындыра түседі, өте ерте байқалатын және ауыр түрдегі патологиялық өзгерістерге әкеліп соқтырады.
Тағы бір мысал: арилгидрокарбоангидроксилаза ферменті өндіріс қалдықтарында болады, шылым түтінінде болатын көмірсутегінің эпоксидтерге айналу процесінде қатысады. Эпоксидтер – қатерлі ісік ауруларының дамуына ықпал ететін өте күшті мутагендер. Арилгидрокарбоангидроксилаза ферменттің ағзадағы мөлшері ауытқып тұрады. Адамда бұл ферменттің жоғары, орташа, төмен мөлшері де соғұрлым көп. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен және темекі түтінімен ластануы әсіресе арилгидрокарбоангидроксилаза деңгейі жоғары адамдар үшін қауіпті, өйткені оларда мутацияның туындау мүмкіндігі жоғары. Мысалы, өкпе қатерлі ісігі бар науқастар арасында мұндай адамдар 30 пайызды құрайды, ал жалпы популяцияда бұл ферменттің жоғары деңгейі өте сирек тіркеледі.