38
Тимус-тәуелсiз антигендер (Т-тәуелсiз) – Т-лимфоциттiң және
макрофагтардың
көмегiнсiз
В-лимфоциттерде
өздiгiнен
антиденелердiң түзiлуiн шақыратын антигендер.
Берiлген антигендiк детерминантқа арнайы В-лимфоциттер антигенге
тәуелдi дифференциялануға түсу үшін (лимфобластқа айналып және сол
антигендерге антидене түзетiн плазмалық жасушалар клонына бастама
беру) екi белгiні алу қажет: I – арнайы, II- пролиферативтiк-
дифференциялушы
. Т-тәуелсiз антигендердiң өздерi В-лимфоциттердi
екi белгiмен қамтамасыз етедi.
Бiрiншi –
арнайы белгiнi
В-лимфоциттер
иммуноглобулиндiк антигенді танушы рецепторлар көмегiмен антигеннің
гаптендік
бөлігінен
алады.
Екiншi
–
пролиферативтiк
–
дифференциялаушы
белгiнi В-лимфоциттер тасымалдаушылардан алады.
Екiншi белгiнiң берiлуiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаушының
құрылымы келесi талаптарға сай келуi керек:
жоғары молекулалық салмақ;
молекуланың қатаң сызықты құрылымы;
молекула полиэлектролит болуы қажет (яғни аттас
зарядталған химиялық топшалардан тұруы керек).
Табиғи антигендердiң iшiнде осы талаптарды қанағаттандыратындар
бактериялық
полиқанттар (БП) және липополиқанттар (ЛП).
Олар
негiзгi Т-тәуелсiз табиғи антигендер болып табылады. Бактериялық
полиқанттардан және липополиқанттардан басқа табиғи Т-тәуелсiз
антигендерге, мысалы, сальмонеллалардың антигендерi, пневмококктық
полиқанттар, iшек таяқшаларының полиқанттары жатады. Т-тәуелсiз
жасанды
антигендерге
гаптенмен
байланысқан
полиэлектролиттер
жатады. Т-тәуелсiз поликлондық антигендерге – В-лимфоциттердiң
митогендерi де (полиқанттар, лаконос митогенi және т.б.) жатады.
Т-тәуелсiз антигендер барлық табиғи антигендердiң 10%-ын
құрайды.
Табиғи антигендердiң көпшiлiгi шамамен 90%-ы - нәруыздар, соңғы
екi талапқа жауап бермейдi. Олар тимустәуелдi антигендер болып
табылады. Т-тәуелдi антигендерге: трансплантациялық, тiндiк арнайы
антигендер,
сарысулық
нәруыздар,
бактериаялық
уыттар,
бөгде
эритроциттердiң антигендерi, көптеген вирус антигендерi және тағы
басқалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: