Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Антигенді өңдеу және таныстыру



Pdf көрінісі
бет86/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
Антигенді өңдеу және таныстыру 
Антигендерді Т-лимфоциттер танитын түрге дейін өңдейтін 
және оларды таныстыратын (процессинг және презентация) 
жасушаларды антиген таныстырушы жасушалар (АТЖ) деп атайды. 
Негізінен бұл жасушаларға
моноцитарлы-макрофагалды жүйе 
жасушалары (МФ), дендритті жасушалар (ДЖ), В-лимфоциттер 
және
 
Лангерганс жасушалары 
жатады (13-ші сурет).
 
Кейбір жағдайларда 
антигендерді таныстыру қызметін маманданған эпителиалды жасушалар 
да атқарады. 


86 
13-ші сурет. Негізгі антигентаныстырушы жасушалар 
Макрофагтардың қоздырғыштарды ұстауы және оларды өңдеуі 
арнайы иммундық жауаптың ең алғашқы кезеңі болып саналады.
Макрофагтар 
экзаантигендерді, 
ең 
алдымен 
бактерияларды 
фагоцитозға 
ұшыратады. Оларды лизосомалды ферменттердің көмегімен 
ұзындығы 9-25 аминқышқылынан тұратын пептидті фрагменттерге дейін 
ыдыратады. Бұл құрамындағы ферменттер көмегімен макрофагтардың 
ыдырата алмаған бөлігі. Осы ыдырамаған фрагменттер 
организм үшін 
шынайы бөтен антигенді детерминанта (эпитоп)
болып табылады.
Келесі кезеңде фагосома гистосәйкестік комплексінің (МНС) ІІ класс 
нәруыз молекулалары бар вакуолдермен қосылады. Бұл молекулалар α 
және 
β-полипептидтті 
тізбектерінен 
тұрады. 
Олардың 
ортасында 
инвариантты γ-тізбек орналасқан. Вакуолдер фаголизосомамен қосылған 
жағдайда, қышқыл протеаза әсерінен γ-тізбегі ыдырайды, ал оның орнына 
эпитоп орналасады. Нәтижесінде 
ІІ класс МНС молекуласымен қосылған 
эпитоптың иммуногенді кешені
түзіледі, оны суперантиген деп те 
атайды.. Бұл кешен секреторлы грануланың құрамында макрофаг бетіне 
қарай жылжиды. Ол өте тұрақты және макрофаг бетінде бірнеше апта 
сақталады. Бұл жағдай макрофаг бетіндегі иммуногенді кешенмен сәйкес 
келетін 
Т-хелперлердің 
клоны 
арнайы 
танығанша 
көптеген 
Т-
лимфоциттердің жанасуына мүмкіншілік береді. Осылайша клонның 
сұрыпталуы өтеді және оның антигентәуелді дифференцировкасы 
басталады.
ДЖ 
МФ
B-ly 


87 
АТЖ бетіндегі иммуногенді кешенді тану кезінде Т-жасушалық 
рецептор (ТЖР) көмегімен Т-хелпер қабылдаған белгіні арнайы деп 
атайды. 
Бұл белгіні қабылдау Т-хелперлердің белсенуі үшін өте қажетті, 
бірақ жеткіліксіз. Сондықтан тағы бір белгі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет