103
17-ші сурет. Т-хелперлердің антигентәуелді дифференцировкасы
Маңызды
қызметтi
микроайналым
атқарады: мүше стромасының
жасушаларының
беткей
молекулалары
және
осы
жасушалармен
өндірілетiн гуморалды факторлар. Мысалы,
лимфа түйiндерiнiң
микроайналымы басымырақ түрде Тх1 түзiлуiне ықпал жасаса,
шырышты қабаттардың микроайналымы (iшек, тыныс жолдары) Тх2
дамуына ықпал жасайды.
Сондай-ақ дифференцировканың даму бағытын анықтауда маңызды
орынды антигентаныстырушы жасушаның түрi мен қызмет ету ерекшелiгi
атқарады. Бiрiншiден,
олармен
өндiрiлетiн
цитокиндер спектрiне
байланысты. Егер
антигендердi таныстыру қызметiн макрофагтар
атқарса, онда олар
Тх1 түзiлуiне ықпал етедi.
Антигендi таныстырып тұрған белсендi макрофаг ИЛ-1 мен ИЛ-12
өндiре бастайды. Кейбiр жұқпалы агенттер, әсiресе жасушаiшiлiк
бактериялар
мен вирустар, лимфа түйiндерiндегi макрофагтар мен
дендриттi жасушалармен ИЛ-12 көп мөлшерде өндiрiлуiн ынталандырады.
ИЛ-12 NK-жасушаларының белсенуін шақырады, ал олар өз кезегiнде IFN-
өндiре бастайды.
ИЛ-1, ИЛ-12 және IFN-
әсерiнен Тх0-жасушалары
белсенедi және Тх1 бағытында дифференцацияланады.
Сонымен
бiрге
макрофагтармен өндiрiлетiн
ИЛ-12 тек Тх1-жасушаларының түзiлуiн
ынталандырып қана қоймай, ол Тх2-жасушаларының түзiлуiн
(Лангерганс
жасушаларының белсенуiн жiне олардан дендриттi жасушалардың түзiлуiн