149
Сонымен қатар, ангиогенездің лизосомалдық ферменттерінің экзоцитозын күшейтеді
және комплемент рецепторларының экспрессиясын жоғарылатады.
NAP-2
(neutrofil activating protein-2, нейтрофилдерді белсендірүші ақуыз-2)
–
α-хемокиндер тұқымдастығына жатады, тромбоциттермен өндіріледі. Негізгі қызметі –
хемотаксисті күшейту және нейтрофилдерді белсендіру.
PF-4
(plafelet factor-4, тромбоцитарлық фактор-4)
- α-хемокиндер тұқымдастығына
жатады, тромбоциттермен өндіріледі. Базофилдердің ішінен гистаминнің босап
шығуына ықпал етеді, эозинофилдердің бетінде IgE –рецепторларының экспрессиясын
жоғарылатады, гранулоциттер мен моноциттердің хемотаксисін күшейтеді.
GRO-α (growth regulated oncogene, өсуді реттейтін онкоген)
- α-хемокиндер
тұқымдастығына жатады, 7-11 кДа молекулалық салмағын құрайды, моноциттермен,
эпителиоциттермен және эндотелиоциттермен, сонымен қатар ісік жасушаларымен
(соның ішінде, меланома жасушаларымен) өндіріледі. Ангиогенез бен ісіктердің кейбір
түрлерінің өсуін күшейтеді.
IP-10 (IFN-α, индуцибелді протеин-10)
- α-хемокиндер тұқымдастығына
жатады, 10-11кДа молекулалық салмағын құрайды. Эндотелиоциттер, моноциттер,
фибробласттар, тимуспен көк
бауырдың стромалық жасушаларын өндіреді.
Белсендірілген Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейтеді, эндотелий жасушаларының
пролиферациясын тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: