Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет142/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Өсу факторлары 
Иммундық жүйемен жанама байланысы бар бiрқатар өсу факторлары 
бар. Олар: эпидермалдық өсу факторы, тромбоциттер өндiретiн өсу 
факторы, инсулин тәрiздi өсу факторы, трансформациялаушы өсу 
факторлар (GTF) α мен β. 
GTF–β-ның иммунды жүйенiң жасушаларына көрсететiн әсерi мол. 
Бұл фактор 1978 жылы белгiлi болды. Оның молекулалық салмағы 25 000. 
GTF–β-ны стромалық жасушалар, макрофагтар, шырышты қабаттардың 
жасушалары және қатерлi iсiктердiң көптеген түрлерi өндiредi. GTF–β 
гемопоэздi, қабыну цитокиндерiнiң синтезiн, лимфоциттердiң ИЛ-2, 4 пен 
7 жауабын, цитотоксикалық NK–және Т- жасушаларының қалыптасуын 


148 
тежейдi. Сонымен қатар, GTF–β шырышты қабаттардың қорғаныс 
қабiлеттiлiгiн күшейтiп, иммунноглобулиндердiң синтезiн IgA синтезiне 
ауыстырып дифференциациялаушы әсер келтiре алады
.
 
 
Хемокиндер 
Хемокиндер
дегенiмiз, 
цитокиндердiң 
иммунды 
жүйенiң 
жасушаларының жылжу қабiлетi мен белсендiрiлуiн реттейтiн арнайы түрi. 
Соңғы жылдары 40 шақты хемокин табылды, олар цитокиндердiң iшiнде 
(“хемокин” терминi – “хемотаксис” пен “цитокин” терминдерiнен 
туындаған) бөлек подкласқа бiрiктiрiлiп, 4 тұқымдастыққа жiктелген: 
1.
СХС (α-хемокиндерi) 
2.
СС (β-хемокиндерi) 
3.
С (γ-хемокиндерi) 
4.
СХ3С (дельта-хемокиндерi) 
Химокиндердiң 
осылай 
бөлiнуi 
олардың 
молекулаларының 
құрамындағы цистеин қалдықтарының салыстырмалы позициясына 
байланысты. Хемокиндердiң молекулалық салмағы 8 ден 12 кДа дейiн, ал 
амин қышқылдық қалдықтары бойынша гомология пайызы 20 дан 70 %
дейiн. Структуралары бiрдей молекулалар лейкоциттердi белсендiруге 
қатысады және қабынудың даму барысында сол жасушалардың жылжуын 
реттейдi. 
Соңғы жылдары хемокиндердiң әр түрлi патофизиологиялық 
процесстерге – созылмалы және жедел қабынуға, жұқпалы ауруларға, 
ангиогенездi 
реттеуге, 
iсiктердiң 
өсуiне, 
гемопоэздiң 
бағаналы 
жасушаларының көбеюiне белсендi қатысатыны дәлелденген. Қызықты 
ғылыми жаңалықтардың бiреуi - хемокиндерге арналған рецепторлар 
адамның иммундық тапшылығының вирусына (АИВ-1) ко-рецептор 
ретiнде табылғаны. CD4 молекуласы АИВ-1дің беткерi гликопротеинiмен 
байланысатын басты рецепторы екенi белгiлi. Бiрақ, қазiргi таңда, 
жасушаны жұқпалау үшiн жалғыз бұл байланыс жеткiлiктi емес екенi
айқындалды. АИВ-1 қосымша ко-рецепторларымен байланысуы қажет, 
осы ко-рецепторлар ретiнде хемокиндерге арналған рецепторлар қызмет 
етедi. Солай, макрофагтардың бетiнде ко-рецептор қызметiн MIP-1α, MIP-
1β және RANTES хемокиндерi атқарады. Т-лимфоциттерде қосымша ко-
рецептор болып SDF-1 хемокинiнiң рецепторы шығады (басқа аты - 
“фузин”). Макрофагтар мен Т-лимфоциттерiнде аталған ко-рецепторлары 
жоқ адамдар АИВ-iндетiне резистенттi және аурудын дамуына бейiм 
болады. Бұл ғылыми жаналықтың аса зор практикалық маңызы бар: 
хемокинді рецепторлардың жасанды блокадасы АИВ індетінің алдын 
алуда және ЖБИЖС науқастарын емдеуінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет