Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет138/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
ИНТЕРЛЕЙКИН-28 
(IFN– λ2/3). Молекулалық салмағы – 19 800 Д. 
Дендритті жасушалармен өндіріледі. IFNβмен ортақ рецепторлары бар 
жақында анықталған интерферонтәрізді цитокин. Вирустарға қарсы 
иммунды жауапқа қатысады. I және II МНС антигендерінің 
экспрессияларын күшейтеді.
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-29
(IFN– λ1). Дендритті жасушалармен өндіріледі. 
Қызметтері ИЛ-28ге ұқсас. 
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-30

Антигентаныстырушы 
жасушалармен 
өндіріледі. ИЛ-27 гетеродимерлік түрі болып келеді. Қызметтері ИЛ-27 
қызметтері сияқты. 
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-31
. Бұл цитокинді белсенген Tх2 мен моноциттер 
өндіреді. Полиморфты ядролық лейкоциттерді, моноциттерді және Т-
лимфоцитерді қабыну ошақтарына аттандыруға қатысты.
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-32. 
Белсенген NK-жасушаларымен өндіріледі. 
Жақында анықталған ИЛ-1 тұқымдастығының өкілі. Митогендік әсері бар, 
TNF-α. өнімін күшейтетін қабынулық цитокин болып келеді.
Ісік некроздаушы факторлар 
1975 
жылы 
М.bovisпен 
қоздырылған 
және 
ЛПС 
егілген 
тышқандардың қан сарысуында гуморалдық факторлардың жинағы 
табылды. Бұл фактор егілген ісіктің ыдырауын шақырып ЛПС егiлген 
орынында геморрагиялық некрозды дамытады. Осы әсерге жауапты 
цитокин ісік некроздаушы фактор 
(ІНФ немесе TNF-tumor necrosis 
factor)
деп аталды. Бұдан бұрын лимфотоксин деп аталған ісік 
жасушаларының 
иммундық 
цитолизін 
қамтамасыз 
ететін 
Т-
лимфоциттердің өнімі табылған. Осы екі фактор ортақ рецепторға әсер 
етіп бірдей биологиялық эффекттерді шақырады. Сол себептен олар екеуі 
де ісік некроздаушы факторлар тобына енгізіліп, біріншісі ІНФ-α деп, 
екіншісі (лимфотоксин) ІНФ-β деп белгіленді. Кейін бұл түқымдастықтың 
тағы бір өкілі табылды – лимфотоксин-β (сол себептен ІНФ-β 
лимфотоксин-α. деп те аталатын болды). Осы цитокиндердің екеуін де 


143 
негiздейтiн тектері гистосәйкестіктің негізгі кешенінің құрамында адам 
хромосомаларының 6-шы жұбында көршілес орналасқан.
ІНФ-α мен лимфотоксиндер гликопротеиндер болып табылады. ІНФ-
α мен ІНФ-β-ларды өндіретін жасушалары әр түрлi. ІНФ-α (синонимдері: 
кахексин, макрофагалдық цитотоксин, некрозин, геморрагиялық фактор) 
моноциттер/макрофагтардың 
(басқаша 
айтқанда, 
монокин), 
эндотелиалдық, 
мес 
және 
миелоидтық 
жасушалардың, 
ЛАЖ-
жасушаларының, нейроглия жасушаларының, кей-кезде қоздырылған Т-
лимфоциттердің өнімі болып табылады. ІНФ-β (лимфокин) Т-
лимфоциттермен өндіріледі. ІНФ-α өндірілуінің индукторлары ретінде 
микроорганизмдер 
және 
олардың 
өнімдері, 
форболдық 
эфирлер, 
полиэлектролиттер және фагоцитоз қызмет етеді. Дені сау адамдардың қан 
сары суында ІНФ-α анықталмайды. Оның деңгейi індеттену кезінде, ағзаға 
бактериалдық эндотоксиндер енгенде жоғарылайды. Мысал үшін, 
ревматоидтық артрит кезінде ІНФ-α буын суйықтығында жиналады, 
қабыну үрдiстерiнiң көпшілігінде зәрде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет