Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет136/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

ИНТЕРЛЕЙКИН-19. 
Молекулалық салмағы - 35-40 000 Д. 
Липополиқанттармен белсендірілген моноциттер мен В-лимфоциттермен 
өндіріледі. ИЛ-10 цитокиндік тұқымдастығының өкілі болып табылады. 
Қышқылдауыш серпілістерді және апоптозға алып келетін қабынулық 
цитокиндерді күшейтеді; бұл цитокин Тх1/Тх2 балансын IFN-γ тежеу және 
ИЛ-4 пен ИЛ-13 көбейту бағытына қарай өзгерте алады. 
ИНТЕРЛЕЙКИН-20. 
Молекулалық 
салмағы 
– 
18 
000 
Д. 
Моноциттер және кератиноциттермен түзіледі. Өзінің белсенділігін 
эпидермалдық тінде көрсететін ИЛ-10 тұқымдастығының өкілі. Тх1/Тх2 
балансына ИЛ-19 сияқты әсер ете алады. 
ИНТЕРЛЕЙКИН-21.
15 000 Д аралығында молекулалық салмағы 
бар полипептид. ИЛ-21 мен ИЛ-21R цитокин-рецепторлық жұбы 
клондалған. ИЛ-2, ИЛ-4 және ИЛ-15-термен гомологиялы. Тек қана 
лимфоидтық тінге жататын көк бауырда, айырша безде, шеткері қанда 
лимфоциттерде және лимфа түйіндерінде өндіріледі. ИЛ-21 рецепторы 


141 
шеткері 
В-лимфоциттер, Т- және NK- жасушаларының бетінде 
экспрессияланады.
ИЛ-21 ИЛ-15-пен әсерлесiп NK- жасушаларының гемопоэзі мен 
пісіп 
жетілуіне, 
анти-CD40-пен 
костимуляцияланған 
жетілген 
В- 
жасушаларының 
активациясына 
және 
көбеюіне 
анти-CD5-пен 
костимуляцияланған Т- жасушаларының көбеюіне қатысады. ИЛ-21 мен 
ИЛ-15 құрамында бірдей позицияда цистеин қалдықтарының 2 жұбы бар: 
біреуі –ИЛ-2, 4 пен ГМ-КСФ сақталады, екіншісі - ИЛ-21 мен ИЛ-15 қана 
тән. Осы аминқышқылдық гомологиясының күштi болғандығынан, ИЛ-15 
пен ИЛ-21 құрылымдары өте ұқсас.
ИЛ-21 өз бетімен адамның оқшауланған В-лимфоциттеріне 
митогендік әсер келтіре алмаса да, олардың анти-CD40 моноклоналдық 
антиденелермен қоздырылған пролиферациясын күшейте алады. Және, 
керсінше, ИЛ-21 анти-IgM-антиденелері мен ИЛ-4 комбинациясымен 
шақырылған пролиферацияны тежейді. Сонымен қатар, ИЛ-21 жетілген Т- 
жасушаларын емес “аңқау” Т- жасушаларын костимуляциялайды. ИЛ-21 
анти-CD3 немесе басқадай стимулдарсыз Т- жасушаларына белсенді 
пролиферативті әсер келтіре алмайды.
Активтелген 
CD4
+
-Т- 
жасушаларының 
өздері 
де 
ИЛ-21 
өндіретіндігінен, бұл цитокиннің Т-хелперлердің кең таралуын шақырып 
көршілес В- жасушаларының келісті жауабын шақырып, иммундық 
жауапты реттеуде аутокриндік маңызы бар.
ИЛ-21 қатерлі трансформацияланған жасушаларға иммунологиялық 
бақылауды атқаратын NK- жасушаларының көбеюі мен таралуына 
қатысады, сондықтан метастазалардың пайда болуына әсерi бар. Сонымен 
қатар, NK- жасушалары микробтық патогендерге, соның ішінде вирустарға 
қарсы туа біткен иммунитеттің негізі; гемопоэзді реттеуге қатысады.
Сонымен, клондалған ИЛ-21 цитокины жетілген Т-және В –
лимфоциттердің қоздырғыш стимулдарға жауап ретінде орын алатын 
пролиферацияларын реттейді, сүйек кемігінен NK-жасушаларының 
популяциясы таралуына делдалдық қызмет көрсетеді, қортып айтқанда, 
иммун жүйесінің маңызды реттеушісі болып келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет