Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет137/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

ИНТЕРЛЕЙКИН-22. 
Молекулалық 
салмағы 
– 
25 000 
Д. 
Лимфоцитарлық белсендіруші фактор деп те аталады (TIF). Белсенген 
CD4

Т-лимфоциттерімен өндіріледі. Биологиялық қызметтері ИЛ-10 
ұқсас. 
Биологиялық 
қызметтерінің 
ішінде 
– 
эпидермалдық 
жасушалалардың жетілуін тежеу, РАР1 (pancreatitis-associated protein 1) 
және остеопоэтиннің көбеюін шақырады. Қызметтері бойынша ИЛ-19 бен 
ИЛ-20 жақын. Тх1/Тх2 балансын реттеуге қатысады.
ИНТЕРЛЕЙКИН-23. 
Белсенген дендритті жасушалармен өндіріледі.
 
Биологиялық қызметттері ИЛ-12 қызметтеріне ұқсас. 
ИНТЕРЛЕЙКИН-24.
Молекулалық салмағы – 35 000 Д. ИЛ-10В 
немесе MDA7 (меланоманың жетілуімен біріккен протеин 7) деп те 
аталады. Меланоциттермен, NK-жасушаларымен, В-лимфоциттерімен 
және Т-лимфоциттердің кейбір субпопуляцияларымен өндіріледі.
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-25.
Молекулалық салмағы – 18-20 000 Д. Сүйек 
кемігінің 
стромалық 
жасушаларымен, 
Т-лимфоциттердің 


142 
субпопуляцияларымен өндіріледі. ИЛ-17 тұқымдастығына жатады (ИЛ-
17Е). ИЛ4, ИЛ-5, ИЛ-13 және эотоксиннің өндірілуін белсендіреді. ИЛ-25 
in vivo өкпеге енгізілуі тыныс алу жолдарының аурулары кезінде тиімді 
екені анықталды. Цитокиндердің өнімін, тіндердің регенерациясын, 
шырыштың бөлінуін және тыныс алу реактивтілігін белсендіреді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-26.
Молекулалық салмағы – 36 000 Д. Т-
лимфоциттердің субпопуляциялары мен NK-жасушаларымен өндірілетін 
цитокин. Жақында ашылған ИЛ-10 тұқымдастығының өкілі. ИЛ-20 
қызметтерін қайталайды.
 
ИНТЕРЛЕЙКИН-27.
Дендритті жасушалармен, макрофагтармен, 
эндотелиалды жасушалармен және плазмоциттермен өндіріледі. Бұл 
цитокиннің ИЛ-12 және IFNγмен бірігіп “аңқау” CD4 Т-лимфоциттердің 
клондарының көбеюін және CD8 Т-лимфоциттердің ісіке қарсы белсенді 
медиаторларын өндіруін шақыратын қасиеті табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет