Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


рак-эмбрионалды антигендер



Pdf көрінісі
бет153/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

рак-эмбрионалды антигендер
де пайда болады 
(РЭА).
Рак
жасушасы геномының жұмысы белсендi түрiнде, басқа тiндерге зиянды 
әсерiн тигiзуiнiң нәтижесiнде iсiк жасушасының бетiнде
басқа тiндерге 
тән антигендер 
пайда болады
 (гетеромүшелiк антигендер). 
Қазiргi кезде iсiктер түрiмен бiрлескен көпшiлiктi 
эмбрионалды 
антигендер
анықталған. Оның iшiнде толық зерттелген: альфа-
фетопротеин, карцино-эмбрионалды антиген, эмбрионалды сульфоглико-
протеин, Н-цитокин, Реган фосфатазасы, т. б. Рак-эмбрионалды 
антигендердiң аурулар қан сарысуында анықталуы рактың ерте 
анықталуына мүмкiндiк бередi. 
Альфа-фетопротеин
адам 
iсiктерiнде 
бiрiншi 
анықталған 
эмбрионалды антигендердiң бiрi. Ол аурулар қанында және бауыр 
гепатоцеллюлярлы iсiктер жасушаларында кездеседi, сонымен қатар, 
аналық және аталық жұмыртқа бездерiнiң тератобластомаларында 
кездеседi. Бұл антиген асқазан iсiгi бар ауруларда, қуық асты без iсiгiнде 
және асқазан iсiгiнiң бауырға жайылуы кезiнде қан сарысуында кездеседi. 
Карцино-эмбрионалды антиген
ауру қанында серологиялық әдiс 
көмегiмен анықталады және тiк iшек, тоқ iшектiң қатерлi iсiгi 
жасушаларында табылады.
Эмбрионалды сульфогликопротеин
асқазан шырышты қабатының 
қатерлi өзгерген жасушаларында байқалады, ал 
Н-цитокин
асқазан-iшек, 
сүт безi, өкпе, қуық асты безi, қалқанша без, лимфогранулематоз сияқты 
қатерлi iсiгi бар аурулардың қан сарысуында анықталады және ол жүктi 
әйелдердiң қан сарысуында табылған. 
Реган фосфатазасы
қатерлi өкпе және асқазан-iшек жолдары 
iсiгiнде 10-20% жағдайда болады. Бұл фермент плацентаның сiлтiлi 
фосфатазасымен бiрдей, ол плацентамен түзiледi және жүктi ана қанында 
кездеседi. 
Тәжiрибелi зерттелуде жануарлар қатерлi iсiктiң жасушаларында, 
шақыру тәсiлiне қарамастан (әртүрлi онкогендi вирустар, химиялық 
канцерогендер, 
сәулелену), 
бiрнеше 
рак-эмбрионалды 
антигендер 
табылған. Бұл антигендердiң қатерлi жасушаларда пайда болуы маңызды 
және ол iсiктегi эмбрионалды гендердi жаңартып, жұмыс iстеуiн 
айқындатады. Бұл гендердiң тежелуi вирус геномымен шақырылады және 
жасушаға 
химиялық, 
физикалық 
канцерогендердiң, 
гормондардың 
әсерiмен туындайды. 
Сөйтiп, қатерлену кезiнде iсiк жасушаларында екi үрдiс бiрдей 
жүредi: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет