қатерлi iсiк жасушалары генетикалық құрылым жағынан сау жасушалардан айырмашылығы шамалы. Ол
айырмашылықтар онша бiлiнбеуi мүмкiн, бiрақ олар бар. Iсiктiң осындай
маңызды мiнездемесi
iсiкке қарсы арналған емнiң арнайы тәсiлiне әкеледi.
Бұл
мәселенi
шешуге
және
түсiнуге
әкелетiн
қадамдарды,
қиыншылықтарды түсiну үшiн қатерлi iсiк дамуындағы иммунологиялық
өзгерiстерге тоқталу қажет.
Iсiк жасушаларының антигендiк құрамы Өзiнiң антигендiк құрамы жағынан iсiк тiндерi мен сау тiндер тек сан
жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан айырмашылығы бар.
Адамда кездесетiн қатерлi iсiктерде ерекше антигендердiң болуын алғаш
рет тәжiрибе жүзiнде Л.А. Зильбер ашқан. Кейiн ол көптеген тәжiрибе
және клиникалық зерттеу кезiнде дәлелдендi. Ол антигендер iсiкке
байланысты болып, соған сәйкестiк бiлдiредi, мұндай өзгерiстер сау
тiндерде жоқ немесе өте аз мөлшерде кездеседi.
Iсiк антигендерiнiң генетикалық құрылысы iшкi немесе сыртқы
болады. Iсiк антигендерiнiң
сыртқы генетикалық құрылысы жасушаға
сырттан енгiзiлген өзгерiстердiң енуiне байланысты (
онкогендi вируспен жұқтырылғанда ). Бұл кезде бөгде генетикалық бағдарлама жасушада
вирус антигенiнiң (типтiк және топтық ерекшелiгi) және вирусты емес
антигеннiң
әсерiнен
пайда
болады.
Оларға
iсiк
ядросы
мен
цитоплазмасының
антигендерi
және
беткей
iсiкерекшелi трансплантациялық (ОСТА) антигендерi жатады.
Iшкi себептермен шақырылған iсiкерекшелiк антигендердiң пайда
болуы тұқымқуалаушылыққа байланысты,
тiк тасымалдау арқылы вирус онкогенiнiң геномға енуi немесе жасуша бөлiнуiн қадағалаушы гендердiң онкогендер, iсiк тежеушi гендер (өсу факторларына арналған рецепторлар
түзiлуiн қадағалаушы және пролиферацияны кедергiлейтiн фактор, т. б.)
мутантты түрлерiмен байланысты болуы мүмкiн. Сонымен қатар,
iсiкерекшелi антигендер пайда болуы
осы топ гендерiнiң обыр туғызушы
әсерiмен
өзгеруге де байланысты болуы мүмкiн, себебi олар адам өмiрiнде
үнемi түзiлiп тұрады.
Қатерлену кезiнде жасушалардың аз немесе үлкен мөлшерде табиғи
қызметтерi кемидi және олар әлсiз дамыған жасушаларға айналады. Бұл
үрдiс
сау тiндерге саты ерекшелк антигендердiң жойылуына алып
келедi.
163
Осымен бiрге, әдетте эмбрион кезеңде болатын гендер белсендiлiгi
арқасында,