167
шақыра алады және ісік жасушаларының комплемент тәуелді лизисін
(КТЛ) қоздырады.
Сонымен қатар, IgG жасушалық иммунитет дамуында, яғни
жасушалық антиденетәуелді цитотоксикалығында
қатысады
(АТЖЦ)
,
нәтижесінде жасушаларды ерiп, жойылады. АТЖЦ-та организмдегі әр
түрлі жасушалар қатыса алады (23-ші сур.).
АТЖЦ жасушалық және гуморалды иммунитет арасында шекаралық
механизм болып келедi. Бұл серпілісті лимфоциттердің арасында не Т-, не
В-лимфоциттерге жатпайтын бетінде IgG-ге арналған Fc-рецепторлары бар
үлкен гранулярлы K-лимфоциттер атқарады. Бұл жасушаларды бұрын NК-
жасуша деп атаған, ал қазір
табиғи жасушалардың
субпопуляциясы деп
атайды,
ал
NК-лимфоциттер
ісік
жасушаларына
арнайы
емес
цитотоксикалық
әсерін көрсетеді. IgG молекуласы өзінің Fab-үзіндісімен
ісік жасуша бетіндегi антиген детерминантымен байланысады, ал Fc-
үзіндісі К-жасушаның Fc-рецепторымен қосылады. Бұл рецепторлар
арқылы К-жасуша белсенедi және ісік жасушасының мембрана бұзатын
бірқатар медиаторлар (белоктар) түзеді.
Жоғарыдағыларды қоса келе, ісікке қарсы иммунитетте В-жүйенің
рөлі бірыңғай емес. Жиі жағдайда ісік антигендеріне қарсы антидене
түзілуі iсiк өсуіне тосқауыл жасамайды, керісінше оны үдетеді. Соған
қарамастан, кейбір ісіктер кезінде антиденелердің ісікке қарсы әсері
болады, бірақ В-жүйесін қоздырушы заттарды байқап тағайындау керек,
себебі iсiк ауруының ағымын әрі қарай қиындатуы ықтимал
.
Достарыңызбен бөлісу: