176
Осының нәтижесiнде рецидив пен метастаздану үрдiстерi шектеледi және
оның үрдiстерi жылдамдатылмайды.
Қазіргі кезде иммунды емдеу, негiзi ісік емінің бірінші тәсілдеріне
жатпайды, бiрақ ол ісік емінің негiзгi қосымша тәсiлі болып табылады.
Ісіктiң иммунды емінің тәсілі арнайы және арнайы емес болады, ал
олар өзінше активтi және пассивтi болады.
Ісіктiң арнайы емес иммунды емдеу әдiсiне
БЦЖ, Corinebacterium
parvum, бактериалды қоспалар, синтетикалық полинуклеотидтер енгiзу
жатады. Бұл әдiстер бірқатар лимфокиндердiң, монокиндердiң, әртүрлі
биологиялық белсенді заттардың жоғарлауына және ісікерекшелi
клондардың бөлiнуiне әкеледi. Клиникада көбiнесе, БЦЖ пайдалынады.
Аталған тәсiлдердiң кейбiреуi жақсы нәтижелерге алып келдi.
Мысалы, қуықтың ішкі қабатында пайда болған ісікте БЦЖ егуі жақсы
нәтиже көрсеттi. Бұл ісік түрі операциядан кейін жиі қайталанады, ал өзінің
соңғы сатысында қуықтың қабырғасы арқылы өтіп, айналадағы тiндерге
жайылады. Катетер арқылы егiлген БЦЖ созылмалы қабынуды шақырып,
иммунды жасушалардың белсендiлiгін кұшейтедi, сөйтiп ісік жасушаларымен
күресетін жасушаларды қозғайды. Бірақ осы күнге дейін, олардың ісік
жасушаларын қалайша өлтіретіндігі белгісіз. Айта кеткенде, операциядан кейін
БЦЖ алған ауруларда, ісіктің қайталану қаупі төмендейді. Кейбір ғылыми
жұмыстарда, БЦЖ қолдануының жақсы әсерлігіне қарамастан, көпшілік
клиницистердiң қорытындысы бойынша, бұл арнайы емес ем кең көлемде әлi
қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: