216
мен базофилдердiң қызметi
Мес жасушалары мен базофилдер атопиялық аллергилық
серпiлiстерде негiзгi нысана-жасушалары болып саналады.
Бұл
жасушалардың бетінде жасушаларға цитофилді иммуноглобулиндерге,
әсiресе
IgE-ге, арналған Fc-рецепторлары бар
. Базофилдер қанда, ал мес
жасушалары негiзiнен тiндерде орналасады. Әсiресе, олар сыртқы ортамен
жанасатын мүшелерде - терiде, өкпеде, ас-қорыту жолдарында көп болады
және бұл жасушалар антигенмен ынталандырғанда тез жауап бередi.
Мес жасушалары - әртектi жасушалар. Олардың ең кем дегенде
екi
түрiн ажыратады.
Бiрiншiсi асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатында,
дене
қуыстарының сiрi қабықтарында және өкпеде орналасқан.
Екiншi түрi дәнекер тiнiнде орналасқан,
көбiне қан тамырлары
бойында, терi астының дәнекер тiнiнде көп.
Мес жасушаларының екi түрi де ИЛ-3 әсерiнен ортақ iзашардан түзiлсе
де, олар цитоплазмалық түйiршiктерiндегi медиаторлар құрамы бойынша
ерекшеленедi. Бұдан басқа мес жасушалар бұл 2 түрi өсуге қатысатын Т-
лимфоциттердiң қажеттiлiгiменде ажыратылады.
Т-лимфоциттер (ИЛ-4
өндiретiн Тх2) болмаған жағдайда, шырышты қабықтың мес
жасушалары өсе алмайды.
Мес жасушалар мен базофилдер арасында көп ұқсастық бар.
Бiрiншiден, олар
Достарыңызбен бөлісу: