Синтетикалық
пептидтерде
аминқышқылдары
қажеттi
тәртiпте
орналасса да, оның спонтанды үшiншi құрылымы антигеннiң алғашқы
конформациясын
қайталай алмайды, сондықтан вакцинацияның тиімділігін
төмендейтiнiн ескеру керек.
Қазiргi көзқарастар бойынша көптеген нәруызды детерминанттар үзiлiп
орналасқан, яғни нәруыздың алғашқы қатарында
амин қышқылдарының
қалдықтары бiр-бiрiнен алшақ орналасқан, бiрақ полипептидтiк тiзбектiң
иiлуi нәтижесiнде олар бiрiгедi. Мұндай
жағдайда алғашқы құрылымның
фрагментi болып табылатын пептидтер детерминантаның бiр бөлiгiн
имитациялай алады. Мұндай детерминанттарды
жасанды жасау мәселесінiң
шешiмi рентгендi құрылымдық талдау мен бағытталған мутагенез әдiстерi
көмегiмен үзiлген детерминанттарды анықтауға
және олардың құрылымен
зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары бұл мәселенi антиген
молекулаларының құрылымын компьютерлiк талдау арқылы шешуде. Осы
саладағы
ең
алғашқы
зерттеу
жұмыстарын
профессор
Лернердiң
басқаруымен америка ғалымдары 80-шi
жылдардың басында тұмау, аусыл
және В гепатитiне қарсы жасанды вакциналарды
дайындаған кездерi
жүргiзген.
Достарыңызбен бөлісу: