Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


 жасушаiшiлiк цитокиндердi, көбiнесе IFN-  және ИЛ-4 Tх1 және Tх2- лимфоциттердiң маркерi ретiнде анықтау



Pdf көрінісі
бет285/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 

жасушаiшiлiк цитокиндердi, көбiнесе IFN-

және ИЛ-4 Tх1 және Tх2-
лимфоциттердiң маркерi ретiнде анықтау. 
 
Жергiлiктi иммунитет факторын бағалау, бронхоөкпелiк аппараттың 
және урогениталдық жолдардың ауруларында маңызды орын алады. Бұл 
жағдайда осы параметрлердi талдау, иммунитет жүйесiнiң көрсеткiштерiне 
қарағанда ақпаратты. 
Қажеттi иммунологиялық сынамалардың жиынтығы әрбiр нозологиялық 
бiрлiк, ал кейбiр жағдайда әрбiр науқас үшiн жеке iрiктеледi. 
Мысалы, аутоиммундық аурулар кезiнде диагнозды дәлелдеу үшiн 
зақымданған мүшелерден алынған антигендердi қолдану арқылы әртүрлi 
сынамалар жүргiзiледi. Таңдап алу кезiнде аурулардың болатын патогенезiн 
есте 
сақтау 
қажет. 
Мысалы, 
аутоиммундқ 
тиреоидитте 
(аурудың 
классикалық 
мысалы, 
оның 
негiзiнде 
аутоантиденелер 
жатыр), 
антиденелерден басқа, лимфоциттердiң де цитотоксикалық әсерi бар, 


сондықтан да науқастарда серпiлiс БЖС (баяу жоғары сезiмталдық) түрi 
бойынша жүредi. Ревматоидтық артриттiң патогенезiнiң негiзiнде IgG Fc-
фрагментiне 
қарсы 
аутоантиденелердiң 
сол 
иммуноглобулиндермен 
иммундық кешендердiң түзiлуi жатыр, сол уақытта да буындардың 
синовиалды қапшығындағы лимфоцитарлы инфильтраттар БЖС серпiлiсiн 
жоққа шығармайды. Жүйелi қызыл жегi, арнайы мүшеге қарсы бағытталған 
антиденелермен емес, жасуша ядросының ДНК-на қарсы антиденелермен 
шақырылады. Осы ауруда түзiлетiн айналымдағы иммундық кешендер қан 
тамырдың эндотелийiнде, синовиалды қапшықта және паренхиматозды 
мүшелердiң жасушалық мембранасында жиналып, комплемент жүйесiнiң 
классикалық жолмен белсенденуi жүредi, нәтижесiнде васкулиттер, 
артриттер, жектiк нефрит сияқты сәйкес клиникалық көрiнiстер байқалады.
Бiрнеше жылдар бойы аутоиммундық ауруларды емдеуде әртүрлi 
иммунитеттi тежейтiн препараттарды (иммунодепрессанттар) қолданады. 
Сонымен қатар, соңғы уақытта аутоиммундық аурулардың комплекстi 
емiнде табиғи төзiмдiлiктi қалпына келтiру үшiн иммунитеттi күшейтетiн 
препараттарды (иммуномодулятор) қолданады, ол бiрқатар жағдайда 
аутоиммунды үрдiстi тоқтатуға мүмкiндiк бередi. Иммунитеттi реттеу 
үрдiсiнде шамадан тыс дозаның алдын алу, емдеу курсын ұзақтығын 
анықтау, оның тиiмдiлiгiн бiлу үшiн тұрақты иммунологиялық бақылау 
қажет. 
Екiншiлiк иммундық тапшылық кезiнде иммунитеттi реттейтiн 
препараттарды қолдану үшiн иммундық жүйенiң нақты механизмiнiң 
тапшылығын, иммунитеттiң қай звеносының (Т-жүйесi, В-жүйесi немесе 
фагоцитоз) функционалдық жетiспеушiлiгі бар екенiн анықтау керек. Ол 
үшiн зерттеудiң екiншi деңгейiн: Т- және В-жүйелерiнiң сандық және 
сапалық көрсеткiштерiн, көбiнесе Т-хелпердiң және Т-киллер/супрессордың 
санын және олардың ара қатынасын – иммунды реттеу индексiн анықтау 
және де фагоцитарлық жүйенiң параметрiн бiлу үшiн қолдану қажет. Керек 
кезде кейбiр науқастардың комплемент жүйесiн, цитокиндердiң өнiмдерiн 
және рецепциясын, соның iшiнде интерферондарды, сонымен қатар, лизоцим 
және т.б. арнайы емес қорғаныс факторлардың жағдайын қарастыру қажет 
болып табылады. Бiрақ алынған мәлiметтердiң интерпретациясы күрделi 
және мағынасы әр түрлi болу мүмкiндiгiн есте сақтау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет