сарысуындағы
берiлген иммуноглобулин
кластарының концентрациясына тура пропорционал болатын оптикалық
тығыздықты бағалайды.
Әдiстiң қойылуы. Стрип лункаларына 100 мкл активтелген ерiтiндiнi
енгiзiп, 37
0
С температурада 30 мин. инкубациялады. Стриптер инкубация
кезiнде пластикалық пакеттерге орналастырған. Инкубациядан кейiн
лункалардың құрамын төгiп, лункаларды 3 рет жұмыстың буферлiк
ерiтiндiсiмен жуған. Алғашқы 2 стриптiң төменгi лункаларында 100 мкл
калибрлiк сынауды енгiзген, қалған лункаларға 100 мкл талдайтын ерiтiлген
сарысу үлгiсiн енгiзедi және 37
0
С 45 мин. бойы инкубациялады. Содан соң
лункалардың құрамын сiлкеу арқылы түсiрiп, лункаларды 3 рет жұмыстың
буферлiк ерiтiнiдiсiмен тез арада жуған. Барлық лункаларға 100-ден
конъюгат ерiтiнiдiсiн енгiзiп, стриптердi жауып, 37
0
С 30 мин. бойы
инкубациялады. Содан кейiн лункалардың құрамын сiлкеу арқылы түсiрiп, 3
рет жұмыстың буферлiк ерiтiндiсiмен жуған және құрғатқан. Барлық
лункаларды қолданудың алдында дайындалған кезде үстiне алдына ала 100
мкл ОФД ерiтiндiсiн қосқан. Стриптердi қақпақпен жауып және 25-30 минут
жарық жерден алыс 22±4
0
С ұстаған. 50мкл стоп-реагенттердi барлық стрип
лункаларға қосқан. Талдаудың нәтижесiн толқын ұзындығы 492 нм тең
фотометриялық тiркеген. Зерттелетiн үлгiлерде иммуноглобулиндердiң
концентарциясын, оптикалық тығыздықтың алынған маңызын калибрлiк
графикке салу арқылы анықтады.
Екiншi деңгейдегi сынамаларды әр түрлi иммундық тапшылық
жағдайдағы иммундық жүйенiң зақымдалу сипатын және орналасу жерiн
нақтылайтын кең спектрлi иммунологиялық параметрлердi анықтауда
қолданады. Бiрiншi деңгейдегi негiзгi иммунологиялық көрсеткiштерден
басқа, кеңейтiлген иммунологиялық зерттеулерге, айналымдағы иммунды
кешен
сияқты
гуморалды
факторларды,
комплемент
жүйесiнiң
компоненттерiн, цитокиндер және олардың рецепторлық антагонистері,
сонымен қатар жасушалардың функционалдық белсендiлiгiн анықтау
жатады.