Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Айналымдағы иммундық кешендердің концентарциясын анықтау



Pdf көрінісі
бет294/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Айналымдағы иммундық кешендердің концентарциясын анықтау
Экзо- 
және 
эндогендiк 
антигендер 
адам 
ағзасында 
керектi 
антиденелермен иммундық кешен түзiп, жүйелiк немесе мүшелiк 
патологияның себебi болуы мүмкiн. Антидененiң (жиi IgM немесе IgG 
кластары) антигенмен серпiлiсi кезiнде иммундық кешен түзiледi. 
Айналымдағы иммундық кешендердің (АИК) құрамы үш бөлiктен тұрады: 
антиген, антидене және олармен байланысқан комплемент (40-шы сурет). 
Ағзада иммундық кешеннiң дамуы иммунитеттiң физиологиялық серпiлiсi 


болып табылады. Бұл кезде қан тамырда немесе тiндерде антигендердi 
нейтрализациялайды және ағазадан шығарады.
40-шы сурет. С1q қолдануы арқылы айналымдағы иммундық 
кешенді анықтау
Микробтық антигенмен иммундық кешеннiң құрылуы жұқпаларға 
қарсы физиологиялық қорғаныс болып табылады. Айналымдағы иммундық 
кешендер табиғаты әр түрлi антигендердi, сонымен қатар, зақымдалған 
жасушаларды жою арқылы ағзаның гомеостазын ұстап тұруға ықпал 
жасайды. АИК тек қана қан айналым жүйесiнде немесе тiндерде түзiлiп, сол 
тiндердiң жасушааралық сұйықтығынан келiп түседi. 
АИК негiзiнен қан тамырдан фагоцитоз арқылы шығарылады. 
Иммундық кешендердiң фагоциттердегi Fc-рецепторларымен байланысу 
арқылы фагоцитоз үрдiсiн белсендiредi. Бұдан басқа фагоцитоздың 
белсендiлiгi комплементтiң классикалық жолымен белсендiлiгi жүредi 
(құрамында IgM және IgG (1, 3) бар иммундық кешендер үшiн).
Құрамында IgA бар иммундық кешендер арнайы Fc-рецепторлары 
арқылы бауырдың купфер жасушаларымен ұсталады. Әрi қарай бұл 
кешендер өтшығару жүйесi арқылы iшекке түседi. Егер иммундық 
кешендердiң концентарциясы қажет деңгейден артық болмаса, ағза оларды 
жояды, бұл кезде ешқандай зиян келтiрмейдi. Егер де концентарциясы артық 
болса, көбiнесе, жүйелi аутоиммундық, жұқпалы ауруларда, аллергияда және 
қатерлi iсiк ауруларында АИК кейбiр тiндер мен мүшелерге шөгiлiп, 
депозиттер құрайды және компелементтiң белсендiлiгi арқылы қабыну - 
деструктивтiк үрдiстi тудырады.
Физиологиялық 
жағдайларда 
иммундық 
кешендердiң 
түзiлу 
жылдамдығы 
ағзаның 
оларды 
элиминациялау 
жылдамдығымен 
салыстырғанда төмен. Сондықтан қалыпты жағдайда қан сарысуында АИК 
деңгейi төмен (55 у.е. дейiн). Қанда иммундық кешендер эритроцитпен 
байланысты ғана емес, сонымен бiрге, плазмада бос түрiнде кездеседi. 


Эритроцитпен байланысқан кешендер сирек зақымдаушы әсер көрсетедi, 
сондықтан да бос АИК деңгейiн анықтауында көп көңiл бөледi.
Әдiстiң қағидасы. Қан сынақтарын сұрыптаған кезде бiрқатар 
сақтықты сақтау қажет, себебi байланысқан кешендер ұйынды
 
түзiлген кезде 
I факторлардың әсерiнен оңай бөлiнедi. Сондықтан да, осы үрдiс болмау 
үшiн эритроциттердi плазмадан тез арада бөлiп алу қажет. 
Құрамында IgG антиденелерi бар орташа және iрi кешендердi 
идентификациялау 
үшiн 
0,1 
натрий-бораттық 
буфердегi 
pH 
8,4 
полиэтиленгликоль (ПЭГ 6000) ерiтiндiсiнде тұнбаланған иммунды 
кешендердi қолданады. Кейiн тұнбада IgG анықтайды. Жұмыс қоспасын: 
науқастың 100 мкл қан сарысуын және 200 мкл буфер есепте дайындайды. 
ПЭГ 0,9 мл ерiтiндiсiне 100 мкл жұмыс қоспасын қосады, ал бақылау 
пробиркасында 100 мкл жұмыс қоспасына 0,9 буфердi қосады. Екi шыны 
ыдысты (пробирканы) 1 сағ. бөлме температурасында, кейiн СФ 26-ғы 
толқын ұзындығы 450 нм тең спектрофотометрияда ұстайды. АИК санын 
бақылауға қарағанда оптикалық тығыздықтың айырмашылығы арқылы 
анықтайды және шартты бiрлiк түрiнде белгiлейдi. Осы қағида бойынша 
иммундық кешендi анықтауда бiрқатар коммерциялық жүйелер негiзделген.
Көбiнесе, айналымдағы иммундық кешендердiң тiндерге жиналуын емес, 
олардың рөлiн назарға алу керек. Көптеген АИК өз бетiмен зиянсыз. Тек 
олардың тiндерге жиналуы кезiнде ғана зақымданулар пайда болады. 
Сондықтан тiндер сынамасының тiкелей талдауы бағалы болып табылады. 
АИК концентарциясын анықтау, иммунды кешен ауруларда үрдiстiң 
белсендiлiгiн бағалау және қан құюдың, плазмаферездiң, гемосорбцияның 
нәтижелiгiн бақылау кезiнде тиiмдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет