Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет293/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
сарысуындағы
 
берiлген иммуноглобулин 
кластарының концентрациясына тура пропорционал болатын оптикалық 
тығыздықты бағалайды. 
Әдiстiң қойылуы. 
Стрип лункаларына 100 мкл активтелген ерiтiндiнi 
енгiзiп, 37

С температурада 30 мин. инкубациялады. Стриптер инкубация 
кезiнде пластикалық пакеттерге орналастырған. Инкубациядан кейiн 
лункалардың құрамын төгiп, лункаларды 3 рет жұмыстың буферлiк 
ерiтiндiсiмен жуған. Алғашқы 2 стриптiң төменгi лункаларында 100 мкл 
калибрлiк сынауды енгiзген, қалған лункаларға 100 мкл талдайтын ерiтiлген 
сарысу үлгiсiн енгiзедi және 37
0
С 45 мин. бойы инкубациялады. Содан соң 
лункалардың құрамын сiлкеу арқылы түсiрiп, лункаларды 3 рет жұмыстың 
буферлiк ерiтiнiдiсiмен тез арада жуған. Барлық лункаларға 100-ден 
конъюгат ерiтiнiдiсiн енгiзiп, стриптердi жауып, 37
0
С 30 мин. бойы 
инкубациялады. Содан кейiн лункалардың құрамын сiлкеу арқылы түсiрiп, 3 
рет жұмыстың буферлiк ерiтiндiсiмен жуған және құрғатқан. Барлық 
лункаларды қолданудың алдында дайындалған кезде үстiне алдына ала 100 
мкл ОФД ерiтiндiсiн қосқан. Стриптердi қақпақпен жауып және 25-30 минут 
жарық жерден алыс 22±4
0
С ұстаған. 50мкл стоп-реагенттердi барлық стрип 
лункаларға қосқан. Талдаудың нәтижесiн толқын ұзындығы 492 нм тең 
фотометриялық тiркеген. Зерттелетiн үлгiлерде иммуноглобулиндердiң 
концентарциясын, оптикалық тығыздықтың алынған маңызын калибрлiк 
графикке салу арқылы анықтады.
Екiншi деңгейдегi сынамаларды
әр түрлi иммундық тапшылық 
жағдайдағы иммундық жүйенiң зақымдалу сипатын және орналасу жерiн 
нақтылайтын кең спектрлi иммунологиялық параметрлердi анықтауда 
қолданады. Бiрiншi деңгейдегi негiзгi иммунологиялық көрсеткiштерден 
басқа, кеңейтiлген иммунологиялық зерттеулерге, айналымдағы иммунды 
кешен 
сияқты 
гуморалды 
факторларды, 
комплемент 
жүйесiнiң 
компоненттерiн, цитокиндер және олардың рецепторлық антагонистері, 
сонымен қатар жасушалардың функционалдық белсендiлiгiн анықтау 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет