Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет290/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Розеткатүзу әдiсi.
Бұл әдiс ең алғаш рет иммунологтармен адамның Т- 
және В-лимфоциттерiн анықтау қажет антиденелердiң болмауы кезiнде 
қолданған. Розеткатүзу әдiсi Т-лимфоциттердiң бетiнде қой эритроциттерiне 
рецептор болып табылатын, СD2 нәруыздардың болуымен негiзделген. 
Адамның В-лимфоциттерiнiң бетiнде бұндай рецепторлар жоқ. Шеткi 
қандағы лимфоциттердi қой эритроциттерiмен қосып, инкубациялау арқылы 
«розетка» деп аталатын құрылымды алады: ортасында Т-лимфоцит, шетiнде 
– жасушаның бетiне жабысқан қой эритроциттерi болады. Осы сынамамен 
анықталған Т-лимфоциттердi тағы Е-РТЖ (Е-РОК) деп белгiлейдi (мұнда Е-
қой эритроцитi, РТЖ – розеткатүзушi жасуша).
В-лимфоциттердiң санын анықтау үшiн ұқсас әдiс қолданады. Бұл кезде 
антиденелермен жүктелген эритроцитпен В-лимфоциттiң Fc-рецепторымен 
байланысын қолданады (ЕА-розеткасы: эритроциттер, антидене). Сонымен 
қатар, ЕАС-розетктүзу әдiсiн қолданады (эритроциттер, антидене және 
комплемент). Бұл жағдайда антидене және комплементпен қосылған сиыр 
эритроциттерi В-лимфоциттiң Fc- және С3-рецепторларымен байланысып, 
розетка түзедi. 
Бұл әдiстердiң
жетiспеушiлiгi
: әр түрлi нәтиженiң берiлуi (олар 
қойылатын серпiлiстердiң шартына, реагенттердiң сапалығына, тек маркерлiк 


молекулалардың жағдайларын анықтауымен ғана емес, сонымен қатар 
цитосклет және т.б. жағдайларын анықтауымен байланысты), бұл 
қиыншылықтар олардың стандартизациясы және автоматизациясымен 
байланысты.
Қазiргi уақытта қандағы лейкоциттердiң әр түрлi популяциясын және 
субпопуляциясын ажырататын сенiмдi әдiстi қолданады. Ол үшiн иммунды 
флюоресценттiк 
сынамада 
дифференциялану 
антигендерiне 
(CD) 
моноклонды антидененi
(МонАД) қолданады. Мысалы, Т-лимфоциттердiң 
санын анықтауда CD2
+
және CD3
+
, хелперлiк және киллерлi-супрессорлық 
субпопуляцияларға (CD4
+
және СD8
+
), В-лимфоциттердiң санын анықтауда 
(CD19, CD20, CD72 ) антигендерiне МонАД қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет