Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Спонтанды және белсендiрiлген фагоцитоз сынамалары



Pdf көрінісі
бет289/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Спонтанды және белсендiрiлген фагоцитоз сынамалары 
латекстiң 
бөлшегiн қолдану арқылы жүргiзедi. Латекс пен фагоцитоз нейтрофилдердiң 
латекс бөлшегiн жұтуға негiзделген (адгезия, ұстап алу және толық жұту). 
Серпiлiстi жүргiзу кезiнде, шеткi қаннан алынған лейкоциттердi латекс 
бөлшегiнiң суспензиясымен араластырады; индуцирленген фагоцитоз 


серпiлiсiн жүргiзу кезiнде алынған қоспаға пирогенал ерiтiндiсiн қосады.
30 минут бойы 37

С инкубацияланғаннан кейiн жағынды дайындап, 
бекiтiлген және Романовский-Гимза бояуымен боялған жағындыда латекстi 
жұтқан нейтрофилдердiң пайызын есептейдi. 
Нитрокөк тетразолиiн қалпына келтiру сынамасы - НКТ-сынамасы
оттегiнiң белсендi түрiнiң көмегiмен қан лейкоциттерi арқылы нитрокөк 
тетразолиін диформазанға қалыптастыруымен негiзделген. Бұл кезде 
фагоциттерде киллинг бактерияны ортақтастыратын, нитрокөк тетразолиінің 
алғашындағы сары түсiнiң көк-күлгiн түске (ядроiшiлiк қосындылар 

диформазан тiстерi) өзгертетiн ферменттердiң қабiлетiн
 
қолданады. 
 
Серпiлiстiң қойылуы
. Майсыз заттық
 
әйнекке 0,02 мл 0,9% натрий 
хлорид ерiтiндiсiн, 0,02 мл нейтрофилдi және 0,02 мл 0,75% НКТ (нитрокөк 
тетразолиі) ерiтiндiсiн жағады.
Күштеме ретiнде 1:10 ерiтiндiде
 
Грамтерiс бактериясының E. coli 
коммерциялық липополисахаридiн немесе пирогенал (липополисахарид S. 
typhi) ерiтiндiсiн қолданады. Басқа майсыз әйнекке 0,02 мл ЛПС, 0,02 мл 
нейтрофилдiк қоспасын және 0,02 мл 0,75% НКТ ерiтiндiсiн жағады. 30 
минут ылғалды камераға орналастырады. Жағынды дайындап, құрғатып, 
бекiтедi. 0,1% нейтралды қызыл ерiтiндiсiмен бояйды. Қалпына келтiрiлген 
НКТ (көк түстi диформазан) грануласымен лейкоциттер пайызын есептеу 
арқылы нейтрофилды шығарады.
Лейкограмманы анықтау әдiсiнен айырмашылығы, лимфоциттердiң 
субпопуляциясын бағалау қиынға соғады. Иммундық жүйенiң жасушалық 
звеносын бағалауда қолданатын ең қолайлы әдiстердiң бiрi, розеткатүзу әдiсi 
болып табылады. Бұл ең бiрiншi иммунологтармен Т- және В- 
лимфоциттердi анықтауда қолданған әдiстер. Бұл әдiстер иммунологтармен 
алғашқы рет Т- және В-лимфоциттерiнiң санын анықтау үшiн қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет