81
лимфокиндер,
иммундық
кешендер,
микроб
қабырғасының
компоненттері және басқа да бірқатар стимулдардың әсерінен
белсендіріле түседі.
Әртүрлі физиологиялық үрдістердің медиаторы мен модуляторы
болып келетін биологиялық белсенді заттар:
простагландиндер,
лейкотриендер және циклдық нуклеотидтер;
Иммундық серпілістерді белсендіретін және реттейтін заттар.
Бұл топқа ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-12, TNF-α, ГМ-КСФ, М-КСФ, ФУМ,
IFN-α және басқа да цитокиндер кіреді. Сонымен қатар макрофагтар
комплемент жүйесі мен пропердин жүйесінің нәруыздарын өндіреді.
Макрофагтар аутокринді реттелуді және басқа да жасушалар
пролиферациясының
реттелуін
(фибробласттардың
өсу
факторы)
қамтамасыз ететін өсу факторларын өндіреді және бөледі. Монокиндердің
ішінде әртүрлі жасушалар үшін хемокиндер де кездеседі. Макрофагтардың
өнімдері қан тамырларының эндотелиіне лейкоциттердің адгезиясын және
олардың трансэндотелиалды миграциясын қамтамасыз етеді (TNF-α, ИЛ-8
және басқалары). Қабыну алды цитокиндеріне жауап ретінде ГМ-КСФ
өндіретін жасушалардың қатарына макрофагтар да кіреді. ГМ-КСФ өсу
факторы қызметінен басқа бірқатар иммундық реттегіш қызмет атқарады:
макрофагтар мен нейтрофилдердің фагоцитозын және антиденеге тәуелді
жасушалық цитотоксикалық механизмді күшейтеді, моноциттермен
қабыну алды цитокиндері ИЛ-1 мен TNF-α өндірілуі мен бөлінуін
шақырады. Сонымен қатар, моноциттер/макрофагтар ЛПС, TNF-α немесе
IFN-γ әсерінен нейтрофилдердің арнайы гемопоэтині - Г-КСФ өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: