Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Макрофагтардың рецепторлары



Pdf көрінісі
бет85/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Макрофагтардың рецепторлары 
Макрофагтардың бетінде 
рецепторлардың үлкен жиынтығы
бар. 
Олардың көмегімен макрофагтар көптеген физиологиялық серпілістерге, 
соның ішінде арнайы иммундық жауапқа қатысады. Атап айтсақ, 
макрофагтарда 
микроорганизмдерді 
ұстауға 
арналған 
әртүрлі 
рецепторлар
экспрессияланған. Олар: манноза рецепторы (MMR), 
scavenger рецептор (MSR), бактериалды липополисахаридтерге арналған 
рецептор (CD14).
MMR арқылы көптеген микроорганизмдер ұсталады. Оларға Mycobacteria, 
Leismania, Legionela, Pseudomonas aeruginosa және т.б. жатады. Бұл рецептордың 
құрылысы бактериялардың жасушалық қабырғасындағы пепдидогликанмен 
жоғары аффинді байланысуын қамтамасыз етеді. Ең қызығы, макрофагтардың 
белсенуін шақыратын цитокиндер (IFN-γ, TNF-α) бұл рецептордың өндірілуін 
тежейді және оның экспрессиясын төмендетеді. Ал керісінше, қабынуға қарсы 
кортикостероидтар оның өндірілуін және экспрессиясын жоғарылатады. D 
витамині маннозаға арналған рецептордың экспресиясын ынталандырушы екен. 
MSR арқылы грамтеріс және грамоң бактериялардың көпшілігі фагоцитозға 
ұшырайды. 
Бактериалды липосахаридтер макрофагтарға арнайы рецептор CD14 арқылы 
әсер етеді. Макрофагтардың бетінде ол рецептордың экспрессиясы қабыну мен 
иммундық жауап кезінде жоғарылайды.
Бұдан 
басқа 
макрофагтардың 
бетінде 
опсонизацияланған 
микрооргнизмдерді ұстауға арналған рецепторлар 
да бар. Олар: 
FcR 
иммуноглобулиндер үшін, ал CR1, CR3 және CR4
– белсендірілген 
комплементтің фрагменттері үшін. 


85 
FcR макрофагтардың мембранасындағы ең маңызды рецептор болып 
табылады. Аталған рецептор иммундық кешендерді байланыстырады және 
осыған байланысты патогенді агенттердің фагоцитозын жеңілдетеді.
IgG байланыстыру үшін үш түрлі рецептор бар: FcγRI, FcγRII және FcγRIII 
(сәйкесінше CD64, CD32 және CD16). Аталған рецепторлардың ішінде мономерлі 
IgG үшін жоғары аффинді рецептор қатарына жалғыз FcγRI жатады және ол тек 
макрофагтардың 
бетінде 
экспрессияланған. 
Төменгі 
аффинді 
FcγRII 
рецепторының біріншіден айырмашылығы, ол моноциттер мен макрофагтар 
бетінде экспрессияланған. FcγRIII рецепторы да моноциттер мен макрофагтарда 
экспрессияланған, бірақ IgG үшін төменгі аффинді және ол, негізінен, иммундық 
кешендерді немесе агрегацияланған IgG байланыстырады. Барлық үш рецептор да 
IgG-мен опсонизацияланған бактерияларды немесе басқа да жасушаларды 
фагоцитозға 
ұшыратады, 
табиғи 
киллерлердің 
антиденеге 
тәуелді 
цитотоксикалық 
механизміне 
қатысады. 
Сонымен 
қатар 
вируспен, 
қарапайымдармен зақымдалған немесе сол ағзаның қатерлі трансформацияға 
ұшыраған жасушаларын жоюға қатысады. 
Фагоцитоздан 
басқа 
Ғс-рецепторлары 
арқылы 
антиденеге 
тәуелді 
цитотоксикалық (АТКЦТ) механизмі атқарылады. Кейбір макрофагтардың 
мембранасында FcγRIII (CD16) рецепторы экспрессияланған, ол – нысана 
жасушаларының бетіндегі антигенді детерминанттармен байланысқан IgG1 мен 
IgG3 қосатын Ғс-рецептор. Мұндай қорғаныс түрі кейбір паразитарлы және 
вирусты жұқпалар кезінде тиімді, себебі бұл жағдайларда макрофагтар патогенді 
немесе оның арнайы антиденелермен қосылған кешендерін ұстау қабілеті жоқ. Ал 
Ғс-рецепторлары арқылы белсендірілген макрофагтар бірқатар медиаторлады 
бөлу арқылы (ең алдымен TNF-α) нысана жасушаларды лизиске ұшыратады. 
Кейбір цитокиндер (IFN-γ мен ГМ-КСФ) моноциттер мен макрофагтардың 
қатысуымен жүретін АТКЦТ механизмінің эффективтілігін жоғарылату қабілеті 
бар. 
Макрофагтардың мембраналарында көптеген цитокиндерге арналған 
гликопротеинді рецепторлар бар. Сондай-ақ моноцит/макрофагтардың 
мембранасында хемокиндерге де рецепторлар экспрессияланған. 
Макрофагтардың мембранасында гликолизденудің соңғы өнімдерін (AGEs) 
байланыстыруға арналған рецепторлар бар екендігі анықталған. Олар ағза 
қартайған сайын тіндерде көбейе түседі және диабет кезінде күрт жинақтала 
бастайды. Гликолиздену өнімдері нәруыздармен айқаса байланысу нәтижесінде 
тіндердің зақымдалуын шақырады. AGEs үшін арнайы рецепторлары бар, 
макрофагтар осы өнімдер әсерінен өзгерген нәруыздарды ұстайды, әрі 
деградацияға ұшыратады. Сөйтіп тіндерде деструкция дамуының алдын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет