Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет156/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері 
Сөйтіп, 
қатерлі ісіктердің көбісі антигенді болады және оған қарсы 
арнайы иммунды жауап туғызады.
Көптеген тәжірибелер арқылы, аурулардың қанында ісік антигеніне 
қарсы антиденелер, ал ісік тіндерінде цитотоксикалық лимфоциттер мен 
макрофагтар бары дәлелденген. Қазіргі кезде, қалыпты жағдайда, 
иммунды жүйе ісік өсуінiң алғашқы сатысында алдын ала кездесiп, өзгере 
бастайды. Клиникалық түрде анықталатын ісіктің белгiлерi 

иммунды 
жетіспеушіліктiң немесе ісік өсуінің кемелденуi болып табылады. Қатерлі 
ісіктің көп жағдайында ісікке қарсы иммунды жауаптың тепе-теңсіздігі, 
қарама-қайшылығы ерекше орын алады. Бұл ісік антигеніне төзiмдiлiк 
пайда болғанда және ауруларда кедергi факторлар табылғанда байқалады. 
Ісік дамуына қарсы иммунды жауапты түсіну үшін, оның түзілу тәсілін 
бiлу қажет, ісіктің пәрмендi иммунды емiн, диагностикасының жаңа 


166 
тәсілін таңдау үшін ісікке қарсы жасушалық және гуморалды иммунитет 
механизмдерінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. 
В-жуйенің iсікке қарсы иммунитеттегi қызметi. Онкологиялық 
аурулардың қан сарысуындағы кедерг факторлары 
Ісік антигендерiнне қарсы гуморалды иммунды жауап, басқа 
кездердегi қарсы тұру сияқты 
І
түзілуінен басталады. Егер IgМ ісік 
жасушасының бетіне жетіп өзіне сай антигендік детерминантасымен 
тұрақты байланысса, 
комплемент жүйесі классикалық жолымен белсенеді 
(антигенді байланыстырған IgМ бір молекуласы жеткілікті болады).
Осылай 
пайда 
болған 
литикалық 
комплекс 
ісік 
жасушасының 
мембранасын бұзады. Бірақ, IgМ негізі лейкозда, яғни қан айналымында 
орналасқан iсiк жасушасына әсер етуі жақсы екенін айта кету керек. 
Егерде ісік қан тамырынан тыс болса, онда IgМ оның бетіне жетпейді 
(яғни, тамыр қабырғасынан пентамерлi молекуласы өтпейді) және ісік 
лизиске ұшырамайды (ерiмейдi).
Ісіктің көпшілік түрінде IgM түзілуі 
IgG
-ге тез ауысады. Ол қан 
тамыр қабырғасынан тез өтіп ісік жасушасының бетіне оңай жете алады, 
бірақ комплемент белсенділiгі жиі жағдайда болмайды
. Біріншіден, ол 
IgG-нiң 
барлық 
топтарының 
мұндай 
белсенділікті 
шақыра 
алмайтындығымен, екіншіден, антиген детерминантымен байланысқан IgG 
екi молекуласы арасындағы жақын аралық әр кезде әр түрлi болуы 
ықтимал. Бұған қосымша қатерлi iсiк жасушалары бетіндегi ісікерекшелi 
антигендер мөлшерi аз болғандықтан, антиген детерминанттары бір-
бірінен бiрнеше ара қашықтықта орналасады.
Сөйтіп, көпшілік жағдайда 
IgG ісік жасуша бетіне орналасуына 
қарамастан, олардың лизисіне (еруі) алып келе алмайды.
Сонымен қатар, IgG молекулалары антиген детерминанттарымен 
байланысып, цитотоксикалық Т-лимфоциттерге ісік жасушаны тануға 
бөгет жасайды және ісікке қарсы жасушалық иммунитет әсерін 
төмендетеді. Соның нәтижесінде, ісік өсуінің 
(“иммунологиялық күшею”)
феномені байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет