Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Қатерлi сіктiң иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану



Pdf көрінісі
бет169/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
Қатерлi сіктiң иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану 
Интерлейкин-1 (ИЛ-1) 
– бұл лимфокин in vitrо ісік жасушаларына 
тікелей цитотоксикалық әсер көрсетеді және ол сүйек кемегінде 
регенеративті үрдiстерді күшейтіп, иммунды жауапты белсендiредi. ИЛ-1 


178 
әсерінен NK-жасушаларының белсендігі жоғарылайды және моноцитарлы-
макрофагалды жасушалардың арнайы цитотоксикалық әсерi жоғарылайды, 
екіншілік цитокиндер түзiлуi күшейедi.
Осының барлығы, ИЛ-1 онкологиялық ауруларда қолдануға әкеледі. 
Сөйтіп, 11% жағдайда асқынған меланома ауруында жақсы әсер көрсетті. 
Бірақ, ИЛ-1 қан тамыр iшкi қабығында ісік жасушаларын бiр-бiрiмен 
жабыстырып, метастазға әкеледі деген тұжырым бар. Сонымен қатар, ИЛ-
1 бірқатар кері әсер көрсетеді екен, соның ішінде қызбалық реакциясын 
шақырады. Осыған байланысты, клиникада ИЛ-1 қолдануы шектелген. 
Интерлейкин-2 (ИЛ-2) 

онкологиялық аурулар емдеуде кең 
қолданылатын цитокин. Ол меланомада, бүйрек, өкпе рактарында және 
тағы басқа ісіктерде жоғары нәтиже көрсеткен және оны қолданғанда ұзақ 
регрессия байқалған. Бірақ, ісіктің толық жойылуы болмаған. ИЛ-2 
қолданғанда бiрнеше шектеулер бар себебі, ол бірнеше ауруларда жүректi, 
бүйректі жарақаттайды. Келешекте ИЛ-2 ЛАЖ бірге, арнайы иммунды 
бейімділік емінде, сонымен бiрге, интерферон және ИЛ-12-мен қосып 
қолданғаны жөн.
Интерлейкин-12 (ИЛ-12)
– цитокин, ол макрофагтармен түзіліп 
арнайы емес қорғаныс механизмі мен арнайы Т-жасушалық иммунды 
жауап дамыту арасында маңызды рөл атқарады. ИЛ-12 Тх
1
дамытып, 
цитокиндердің бөлiнуiн ұлғайтады және Т-лимфоциттер мен NK-
жасушалардың цитотоксикалық белсенділiгін күшейтеді. Жануарларда 
зерттеу өткізгенде, ИЛ-12 ісікке қарсы 
бүйрек ісігі, меланома, 
ретикулосаркома, тоқ ішек рагы үлкен әсер еткен. ИЛ-12, ИЛ-2 түзетiн 
Тх
1
дамуын шақырады, сондықтан, in vivo олар бір-бірін толықтырып әсер 
етеді және лимфоциттердiң бөлiнуiне қатысады; осымен қатар Т-
киллермен 

-интерферон бөлiнуiн күшейтедi, ол иммунитетте керек NK-
жасушаларын белсендiредi. Тағы басқа, ИЛ-12 арналған рецепторларды 
тежейдi.
ИЛ-2 мен ИЛ-12 бірге қосып тышқандарда қатерлі ісікке қарсы қолдану 
тәжірибесі өткізілген. Мұндай күйде, бүйрек ісігі толық керi қайтқан (60%), ал 
бөлек қолданған кезде ешқандай емдiк қасиет байқалмаған. Қазір клиникада 
ісікке қарсы емдеуде ИЛ-2 мен ИЛ-12 аралас қолданып тәжірибе жүргiзiлуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет