рекомбинантты моноклонды антиденелердi ашуға байланысты, атап айтқанда тышқан
иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне ауыстырылған. Қазір
бірқатар фирмалар осындай ісікерекшелi моноклонды антиденелер жасау
тәсілін зерттеп, клиникалық тәжірибиден өткiзуде.
Сонымен қатар,
токсиндер және радиоизотоппен біріккен моноклонды антиденелер дайындау әрекеттерi жалғасуда. Ол үшіншi
ұрпақты радиоиммунды токсиндерге жеткiзуi мүмкiн.
Ісіктің иммунды емінің жаңа әрекеттерінің бірi
ол ісіктегі
тамырлардың өсуіне көмектесетiн белоктарға қарсы және эпидермалды
өсу факторларының рецепторларына қарсы иммунды токсиндердi жасау.
Қазіргі кезде, осы саладағы жұмыс істеп жатқан ғалымдардың көбісі
жаңа иммунологиялық әрекеттер дәстүрлі ем түрін өзгерте алмайды деп
есептейді, бірақ бар әдiстердiң қорын әрі қарай жақсартып, күшейте
алады. Кейбір кезде, иммунды емдеу жетекші тәсіл бола алады, бірақ ол
көпшілік жағдайда хирургиялық әрекет, сәуле және химиялық емнен кейін
қолдануы керек. Сөйтіп, иммунды емдеудi түрлендiруге болады, себебi
оны қабаттастырып пайдаланса, ерекше жақсы ем болады деп күтілуде.
НЕГIЗГI ГИСТОСӘЙКЕСТIК КОМПЛЕКС Негiзгi гистосәйкестiк комплекс. Негiзгi гистосәйкестiк комплексінің құрылысы мен қызметтерi. HLA I класс антигендерiнiң құрылысы мен қызметтерi. HLA II класс және III класс антигендерiнiң құрылысы мен қызметтерi. HLA-гендердiң полиморфизмы және популяцияда таралуы. HLA-антигендердiң аурулармен байланысуы Негізгі
гистосәйкестік
комплекс
(MHC
-
ағылш.
-
Major
Histocompatybility Complex) барлық сүтқоректiлерде және құстарда
табылған. Тышқандарда бұл комплекске H-2-антигендер, адамдарда HLA-
жүйесi (Human Leucocyte Antigens System
адамдардың лейкоцитарлық
антигендер жүйесi) кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде
осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж.Доссе.
HLA-жүйесi адамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан
және оған 5 локус кіреді: A, B, C, D, DR (19-ші сур.). Хромосоманың
центромерасынан бастап локустар орналасуы: D (DP, DQ), DR, В, С, А. Әр
локусқа гендердiң өте көп аллельдiк варианттары кiредi, оларды