Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет258/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Вирустық жұқпалар:
-
жедел (қызылша, қызамық, грипп, паротит, жел шешегі, жедел вирустық 
гепатит);
-
персистенциялаған 
(жеделасты 
склероздаушы 
панэнцефалитпен 
әсерлескен қызылша, гепатита В созылмалануы, ұшық);
-
туа біткен (цитомегаловирустық инфекция, қызамық);
-
иммунды жүйенің вирустық жұқпалары (ЖИТС, цитомегаловирустық 
жұқпа, жұқпалық мононуклеоз). 
Қызылша, 
қызамық, 
грипп, 
паротит 
кездерінде 
байқалатын 
иммунитеттің Т-жүйесінің күрт төмендеуі бактериалдық жұқпалардың 
жағаласуына негізгі себеп бола алады. Өте жиы, әсіресе грипп пен қызылша 
кездерінде бұл дефект нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігінің 
бұзылстарына алып келеді. Нәтижесінде микробтарға қарсы қорғаныс одан 
әрі әлсізденіп, аутоиммунизацияға жол ашылады. Иммунды жүйені тікелей 
зақымдайтын вирустар да ерекше маңызды. Оларға 
адамның иммунды 
тапшылық варусы (АИВ),
Эпштейн-Барр вирусы және цитомегаловирус 
жатады. АИВ вирусы Т-хелперлерді зақымдайды, себебі олардың үстінде бұл 
вирусқа 
рецептор 
болатын 
CD4 
белогы 
орналасқан. 
Жұқпалы 
мононуклеоздың вирусы (Эпштейн-Барр вирусы) таңдаулы түрде беттерінде 
оның рецепторлары бар В-лимфоциттерді зақымдайды.
Иммунды тапшылықты, сонымен қатар, ағымы созылмалы болса 
тимустың тінін зақымдайтын 
коксаки, қызылша, қызылшалық қызамық, 
паротит вирустары
шақыра алады. Бұл жағдайда тимуста қабыну-
деструктивтік үрдіс – вируспен индукцияланған аутоиммунды тимит дамиды. 
Нәтижесінде Т-лимфоциттердің жетілу мен миграциялау үрдістері бұзылады. 
Науқастарда 
жасушалық 
иммунитеттің 
жетіспеушілігі 
дамиды. 
Аутоиммунды 
және 
аллергиялық 
арулар
жиы 
пайда 
болып 
дамиды. 
Аталған 
көріністермен 
қатар 
тимус 
гормондарының түзілуі де бұзылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет