Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет1/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз


Алматы «Атамұра» 2017
А. ЕгоринА, С. нүркЕновА, Е. ШиминА
Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық


Егорина А.в., т.б. 
Е25 География.
Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқу-
лық /А. Егорина, С. Нүркенова, Е. Шимина. – Алматы: Атамұра, 2017. – 
208 бет.
ISBN 000–000–000–000–0
УДК
ББК
Е
ISBN 000–000–000–000–0
Редакциясын басқарған – 
А.в. Егорина,
г.ғ.д., профессор, 
ҚР ЖҒҰА-ның академигі, РЖҒА-ның корреспондент мүшесі
© Егорина А., Нүркенова С., 
Шимина Е., 2017
© «Атамұра», 2017 
– сұрақтар мен тапсырмалар
– қосымша материалдар
өздік жұмыстар
Шартты белгілері:


3
Құрметті 7-сынып оқушылары!
Бұл сыныпта «География» деп аталатын жаңа пәнді оқып үйренесіңдер.
Географияны – ежелгі және жас ғылым деп атасақ артық болмас. 
Жиһанкездік пен саяхатқа шығу ықылым заманнан осы күнге дейін 
жалғасын тауып, біз өмір сүріп жатқан ғаламшарымыздың күнделікті 
өмірдегі әртүрлі проблемаларды шешуге бағытталып келеді.
Әйгілі грек оқымыстысы Страбон бұдан екі мың жыл бұрын былай 
деп жазған еді:
«Менің қолға алып айналысайын деп отырған география ғылымы 
(ол кезде Страбонның жасы 70 келген болатын), басқа философтар
-
дың ғылымдары сияқты жұмыстардың бірі деп есептеймін. Біздердің 
көзқарастарымыз көп жағдайда дұрыс және түсінікті болып отыр.
Географияның пайдасы: тек қана асыра пайдаланушылар мен 
мем лекеттік қызметкерлердің жұмысына қолдану үшін емес, ас
-
пандағы құбылыстарды, жердегі және теңіздердегі құбылыстарды, 
жануарларды, өсімдіктерді және басқа да түрлі елдерде кездесетін 
заттарды анықтауда қолдануға болады».
География ғылым ретінде, адамзатты қоршаған табиғи ортаның 
жай-күйімен айналысады. Табиғат өздерің білетіндей материалдық ре-
сурстың негізгі көзі болып қала бермек. Жер бетіндегі тұрғындар саны 
көбейген сайын, табиғатты игеру соншалықты күрделі және алуан түрлі 
болмақ. Адамдардың табиғи үрдістердің даму барысына әсер етуінен, бо-
лашақта күрделі проблемалардың туындайтынын ұмытпаған жөн. Оған 
география ғылымы жауапты.
Біздердің оқып-үйренетін нысанымыз – 
табиғат, табиғи үрдістер 
мен құбылыстар. 
Олар табиғат аясында алуантүрлі, қайталанбайтын 
күрделі және ұдайы қарым-қатынас арқылы дамуда. Адамзат табиғат-
тың бір мүшесі және табиғатпен тұрақты байланыс жасаудың есебінен 
тіршілік ете алады. Қазіргі география тек қана табиғатты және табиғи 
үрдістерді ғана зерттеп қоймай, адамның табиғатқа деген көзқарасын, 
оны қорғау жолдары мен тиімді пайдалану жолдарын да зерттейді. 
Оқулықты пайдалану барысында, кітаптың құрылымына, сурет-
теріне, картографиялық деректеріне, статистикалық материалдарына зер 
салып, көңіл бөлулеріңізді сұраймыз. Оқулықтағы негізгі мәтіннен басқа 
сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Олар өзіндік және ұжымдық жұмы-
старға негізделіп құрастырылған. Параграфтың басындағы және мәтін 
кІрІСПЕ


4
ішіндегі сұрақтар, материалды толық түсініп, меңгеріп кету үшін төмен-
гі курстағы Жаратылыстану пәнінен алынып, еске түсіру мақсатында 
берілген. Параграфтың соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар жаңа ма-
териалды тереңірек меңгеру және бекітуге бағытталған. 
Қосымша мәтіндерде сендердің білімдеріңді, көзқарастарыңды кеңей-
туге арналған пайдалы кеңестер мен қызықты жайттар берілген.
Жана терминдер мен түсініктер арнайы қою шрифттермен берілсе, 
олардың анықтамасы мәтін ішінде немесе оқулық соңындағы сөздікте 
берілген. 
Оқулық мазмұнын пайдаланғаныңыз дұрыс. Оқулықтағы қажетті 
тақырыпты немесе қосымша материалдарды оңай табуға көмектеседі.
Географиядан жоғары деңгейде білім алуға сендерге ақ жол тілейміз!


5
гЕогрАфиялыҚ зЕрттЕулЕрдІң әдІСтЕрІ
1-бөлім
зЕрттЕулЕр жәнЕ зЕрттЕуШІлЕр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет