Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет81/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   239
Клаузиус постулаты 
деп 
аталып кеткен бұл тәжірибелік қорытынды 
термодинамиканың 
екінші заңын 
тұжырымдаудың алғашқы тарихи нұсқасы болатын. Ол 
былайша оқылады:
Жалғыз ғана нәтижесі – энергияны салқын денеден жылырақ 
денеге өткізе алатын процестің жүзеге асуы мүмкін емес. 
Бұл тұжырымдаманың физикалық мағынасы мынаған саяды. 
Термодинамиканың екінші заңы энергияның өз бетімен салқын де-
неден жылырақ денеге өтуіне шек қояды. Ал еріксіз мәжбүрлеу жо-
лымен салқын дененің бойындағы энергиясын шым-шымдап алып
жылырақ денеге өткізуге шек қоймайды. Яғни энергияны салқын 
денеден жылырақ денеге өткізудің басқа амалдарының барлығын 
аңғартады. Осындай амалдарға, мысалы, суытқыш машиналардың 
жұмыс істеу принциптері жатады. Суытқыштар сыртқы күштердің 
жұмысы арқылы энергияны салқын денеден алып, жылы ортаға өткізе 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет