Егер бұранданы түзу өткізгіштегі токтың
бағытымен ілесе қозғалатындай етіп бұрасақ, онда бұранда
сабының айналу бағыты өткізгіштің төңірегіндегі магнит өрісінің
күш сызықтарының бағытын көрсетеді.
5. Электрмагниттер
деп өзінен электр тогы өткенде күшті
магнит өрісін туғызатын құрылғыларды айтады.
6. Сол қол ережесі.
Егер сол қолдың жазылған төрт саусағын
өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттап, ал алақанды маг-
нит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетіндей етіп ұстасақ, онда
керілген бас бармақ магнит өрісінің токқа әрекет ететін күшінің
бағытын көрсетеді.
7. Индукциялық ток
деп магнит пен шарғының өзара салыс-
тырмалы қозғалысы кезінде шарғыда пайда болған айнымалы
электр тогын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |