ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУЫ.
ШАҒЫЛУ ЗАҢДАРЫ. ЖАЗЫҚ АЙНА
1.
Жарық сәулелері қандай да бір дененің бетіне түскенде одан жар-
тылай немесе толық шағылады. Дененің бетінен шағылған жарықтың
арқасында ғана біз сол денені көреміз, суретке түсіреміз, түрлі түсті бей-
нематериалдар даярлаймыз. Сондықтан жарықтың әртүрлі заттардың
бетінен қалай шағылатынын білудің маңызы зор. Тәжірибелер денелердің
беттерінің өңделуіне қарай жарықтың ондай беттерден шағылуының да
әртүрлі болатынын көрсетеді. Денелердің беттері теп-тегіс айнадай жал-
тыр да, немесе тегістеліп өңделмеуі де мүмкін. Жарық айнадай тегіс бет-
тен толық шағылады да, тегіс емес бетте жартылай жұтылып, жартылай
шағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |