шағылу
бұрышы
деп аталады.
3.
Оптикалық шайбаның табағындағы шкаланы пайдаланып (сурет
7.5,
а
), түсу бұрышы мен шағылу бұрышын бір-бірімен салыстырсақ,
олардың бір-біріне тең екендігін анықтаймыз (сурет 7.5,
ә
)
.
Жарық
көзін табақтың жиегімен айналдырып, сәуленің түсу бұрыштарын оның
шағылу бұрыштарымен салыстыру арқылы олардың әрдайым бір-біріне
тең болатынына көзімізді әбден жеткіземіз. Тәжірибелерден мынадай
қорытынды туындайды:
а) түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған
перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
б) жарық қандай бұрышпен түссе, сондай бұрышпен шағылады:
Ð
α
=
Ð
β
.
Бұндай қорытынды
жарықтың шағылу заңы
деп аталады. Бұл заң
да ерте дүниеден белгілі заң болып табылады. Ол туралы Евклид өзінің
«Бастауында» жазып қалдырған.
4.
Беті тегістеліп өңделген жазық айнаға бірдей бұрышпен түскен па-
раллель сәулелер сондай бұрышпен параллель шағылады (сурет 7.6,
а
).
Жазық айна бетіне тынық судың (мысалы, көлдің) беті де мысал бола ала-
ды. Көз дененің тегістеліп айнадай өңделген бетін көрмейді; оның орнына
айнадағы өз бейнесін (сурет 7.6,
ә
) немесе айналасындағы басқа нәрселерді
көреді.
Тегіс емес беттен (мысалы, қағаз бетінен) әртүрлі бұрыштармен
шағылған сәулелерді (сурет 7.6, б)
Достарыңызбен бөлісу: |