§10. Бұл тарауда оқушылар терең игеруге міндетті алдыңғы бетте көр- сетілген бағдарламалық оқу мақсаттарының мазмұны мен мағыналары ашылады, сонымен қатар әр оқушының есінде ұзақ сақталуға тиісті мына физикалық ұғымдар қалыптасады: «молекулалық-кинетикалық теория», «балқу және кристалдану», «меншікті балқу жылуы», «булану және конден- сация», «меншікті булану жылуы», «қаныққан бу». ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ БАЛҚУЫ ЖӘНЕ ҚАТАЮЫ. БАЛҚУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ. МЕНШІКТІ БАЛҚУ ЖЫЛУЫ 1. Кез келген заттың үш түрлі агрегаттық күйін 7-сынып физика-
сында негізінен
механикалық көзқарас тұрғысынан қарастырған бо-
латынбыз (§22). Зат күйінің өзгеруін
механикалық көзқарас бойынша
түсіндірудің кейбір қырларын еске түсіре кетейік. Заттардың күйлері,
біріншіден, олардың молекулаларының орналасу
арақашықтығына бай-
ланысты,
екіншіден, бөлшектердің өзара
әрекеттесу күштеріне тәуелді
өзгереді. Расында да, заттардың қатты және сұйық күйлерінде олардың