Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет124/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   239
§25.
 
ӨТКІЗГІШТЕРДІ ТІЗБЕКТЕП ЖӘНЕ 
ПАРАЛЛЕЛЬ ЖАЛҒАУ
1.
Тұйықталған электр тізбегі екі бөліктен
 
тұрады дедік (§22). Ток 
көзі тізбектің 
ішкі бөлігін
құрайды, ал оның қысқаштарына жалғанған 
электр энергиясын пайдаланатын барлық тұтынушы аспаптар мен 
жабдықтар (қысқаша 
жүктемелер
) тізбектің 
сыртқы бөлігін
құрайды. 
Жүктемелер мен қосалқы жабдықтардың барлығы да электр тізбегіне 
екі түрлі тәсілмен жалғанады. Олардың біреуін 
тізбектеп жалғау

екіншісін 
параллель жалғау
деп атайды. Төменде осы жалғаулардың 
тәжірибеде анықталған ерекше қасиеттерін сипаттаймыз.
2. 
Өткізгіштерді тізбектеп жалғау
 
деп резисторларды (жүк-
темелерді) тармақтамай, бірін екіншісіне, екіншісін үшіншісіне т.б. 
тіркестіре жалғауды айтады
(сурет 5.16).
 
Өткізгіштерді тізбектеп жалғау төменде көрсетілген заңдылық 
қасиеттерімен сипатталады.
Біріншіден,
өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда олардың бойларынан 
өтетін токтың күші өзгермейді (сурет 5.16):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет