27
§6.
Қазақстанның көп жері бұрынғы мұхиттың түбі болған;
мұхит
жануарларының тасқа айналған қаңқаларын, акулалардың тістерін
Қаратаудың
қойнауларында, Маңғыстаудың Үстіртінде, Арқаның
адырларында кездестіруге болады.
1.
Жылу берілудің қанша және қандай түрлері бар?
2.
Көпқабатты
ғимараттар
мен жеке үйді жылыту жүйелерінің құры-
лымдарында айырмашылықтар бар ма? Мысалдармен түсіндіріңдер.
3.
Өндіріс пен техникада жылу берілуге байланысты білім қандай қолданыс
табады? Нақты мысалдар негізінде сипаттаңдар.
4.
Жылу берілу түрлерінің табиғаттағы көріністері қандай?
5.
Жер қойнауындағы жылу берілу түрлерінің көріністері қандай?
1.
Мұз араласқан суды салқын күйінде термоста ұзақ сақтауға бола ма?
2.
Жемістерді сақтайтын суық қойма салу керек болса,
салқындатқыш
элементті қойманың қай жеріне орналастырған тиімді?
3.
Екі бірдей ыдысты бірдей мөлшерде сумен толтырып, біреуінің бетіне
шыны, екіншісінің бетін ағаш қақпақпен жапқан. Ыдыстарды Күн сәу-
лесі түсетін орынға орналастырса қай ыдыстағы су молырақ қызар еді?
4.
Ауа райы суық өңірлерде тұрғын үйлерді салғанда жылу шығынын
кемітетін амалдар қарастыру керек. Мұндай шығындар жылу берілудің
(алмасудың) қандай түрлері арқылы орын тебеді?
5.
Кейбір ғимараттар қыс айларында тез суып, ал жаз айларында тез ысып
кетеді. Осының себебін анықтауды 8-сынып
оқушыларына тапсырған
болса, сендер қандай мәселелерге көңіл аударар едіңдер және қандай
ұсыныстар жасар едіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: