48
молекулалары бір-бірінен белгілі бір
r
0
қашықтықта тербеле қозғалады.
Егер молекулалар
r
0
қашықтықтан алыстай бастаса, олардың арасында
тартылыс күші
күшейеді, ал жақындай бастаса
тебіліс күші
артады.
Газдарда молекулалар өте алыс орналасады, сондықтан олардың өзара
әрекеттесу күштері де өте әлсіз болады. Сөйтіп, газдар өз көлемін сақтай
алмайды; қандай көлем берілсе, сол көлемді түгел қамтып жайлайды.
2.
Молекулалық-кинетикалық теория
қалыптасқаннан кейін зат-
тардың әртүрлі күйде болуын
температура
және
ішкі энергия
ұғымдары
негізінде кеңірек түсіндіру мүмкіншілігі туды.
Молекулалық-кинетика-
лық теорияға сүйеніп,
зат күйінің өзгеру
шарттарын
анықтай аламыз.
Қатты денелер мен сұйықтардың температуралары өссе, олардың
құрамындағы бөлшектердің жылдамдығы артып, кинетикалық энергия-
лары да өседі. Сондықтан бөлшектер үлкен жылдамдықпен әрі алшақтай
ауытқып, тербеле бас тайды. Заттың температурасы белгілі бір шамаға
жеткенде молекулалардың арасындағы тарту күші кристалдық тордың
түйіндері төңірегінде тербеліп тұрған бөлшектерді ұстап тұра алмайтын
жағдайға жетеді. Сөйтіп, кристалдық тордың бұзылуы басталады да, зат
қатты күйден сұйық күйге ауысып, балқи бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: