56
км (7 000 км
3
) су буланады. Соншама судың
мөлшері жауын-шашын түрінде
қайта ора-
лады. Ауаның конвективтік қозғалысына
ілесіп жоғары көтерілген бу тропосфераның
суық аймағына жетеді. Көтерілу жолында бу
қаныққан дәрежеге жетіп, конденсациялана
бастайды да,
тұмандықтар мен жауын там-
шыларынан тұратын бұлттар тізбегін түзеді.
Жалпы массасы 7 000 км
3
су массасына
теңелетін атмосферадағы будың конденса-
циялану барысында
орта есеппен тәулігіне
ғаламат мол 1,6 · 10
22
Дж жылу бөлінеді. Бұл
барлық адамзаттың бір тәулікте өндіретін энергиясынан ондаған мың
есе көп.
Сонымен, Жерді қоршаған атмосфера мен гидросфера арасын-
да үздіксіз зат (су)
алмасуларымен қатар, энергия (конвекция және
ұзынтолқынды сәулелік-жылулық энергия) алмасулары да орын алады.
Сөйтіп,
қоршаған орта үшін судың булануы мен конденсациялануы
климаттық өзгерістер мен ауа райы құбылыстарының қалыптасуына
зор ықпалын тигізеді.
Күн жүйесіндегі планеталардың
ішінде тек Жерде ғана гидро-
сфералық қабат бар. Оның негізгі бөлігін мұхиттар (94%) құрайды.
Мұхиттардың сулары Жер бетінің 71%-ын жауып жатыр.
Адамзат үшін тұщы су қорының маңызы орасан зор. Алайда өзен-
дер мен көлдердегі және жасанды суқоймаларындағы тұщы су қоры
барлық гидросфераның тек 0,6%-ын ғана құрайды. Саналы адамзат
ұрпағының саны еселеп өссе де, өзендер мен көлдердің ластануы төз-
бестік жағдайға жетті. Сондықтан экологиялық мәдениетімізді көте-
ріп, су көздерін тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан қорғау – әр
адамның қасиетті борышы.
Достарыңызбен бөлісу: