64
(реттік) мағына үстейтіндігін негіз етеді. Яғни, сан есімнің реттік
формасын (
бірінші, екінші,
т.б.) етістіктің есімше, көсемше форма-
лары, сын есімнің шырай формалары тəрізді солармен тең құқықты
грамматикалық форма ретінде қарауды ұсынады.
Түркі тілдерінде реттік сан есімдердің
-нчы/ -нчі, -мэш (э), -(ы)
мчы, - (и) мчи
тəрізді бірнеше қосымшалары бар.
Бұлардың ішінде
ең өнімдісі – осы
-ншы/ -інші
жұрнағы. Морфологиялық құрамы
жағынан реттік сан есімдер де дара жəне күрделі болып бөлінеді.
Сөйлемде санның ретін білдіргенде ешқандай түрлену жүйесіне
түспейді, бірақ заттанған жағдайда көптік, септік, тəуелдік жəне
жіктік жалғауларын қабылдайды. Мысалы:
біріншіге, алтыншылар,
бесіншімін, екіншім,
т.б.
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап
көрсететін сан есімдер жинақтық сан есімдер деп аталады.
Жинақтық сан есімдер есептік сан есімге
-ау/-еу
жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалады. Сан есімнің басқа түрлеріне
қарағанда,
жинақтық сан есімдердің мағынасында заттық мағына, яғни
абстрактілі сан атауы басымдау болғандықтан, сан есімнің бұл
түрі сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың барлығымен
түрленуге бейім келеді. Мысалы:
алтаудың, жетеуі, төртеуміз
т.б. Жинақтық сан есімдердің заттың
санын жинақтап көрсетумен
қатар жинақтық мəнді абстрактілі сан атауын да білдіруі сан есімнің
аталған тобының өзіндік ерекшелігін танытады. Мысалы: біреу, екеу
жинақтық сан есімдерінде əрі жинақтау, əрі сандық атау мағынасы
бар. Бұл жағынан жинақтық сан есімдер есептік сан есімдерге ұқ-
сас болады. Ғалым А. Байтұрсынұлы жинақтық сан есімдерді «зат
есімдерге тіркелмей сөйленетіндігінен басқарақ айтылады» деп,
есептік сан есімдердің бір түрі ретінде қарастырады. Осы ерекшелік,
яғни
зат есімге тіркеспей, зат есімсіз қолданылуы жинақтық сан
есімдерді сан есімнің басқа түрлерінен ажырататын басты белгісінің
бірі ретінде сипатталады. Сонымен қатар олар тілімізде небары
жеті санына дейінгі сандарды қамтиды. Тек дара туынды түрде ғана
қолданылады.
Топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың өзара теңбе-тең
сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Топтық сан есімдер
есептік жəне
жинақтық сан есімдерге
Достарыңызбен бөлісу: