69
Сөз таптарына тəн негізгі қасиеттердің бірі олардың түрлену-
түрленбеуімен байланысты анықталады. Жалпы, есімдіктердің
өзіне тəн арнайы грамматикалық категориялары болмаса да, олар
түрленеді. Мұндай қасиетке ие болуы есімдіктердің орынбасарлық
қызметіне байланысты. Нақтылай айтсақ, есімдіктер қай сөз
табының орнына жұмсалса, сол сөз табының грамматикалық
категорияларының көрсеткіштерімен белгілі бір парадигмалық
түрлену жүйесіне түседі. Сондықтан есімдіктердің септелуі,
көптелуі, тəуелденуі жəне жіктелуі олардың заттық ұғымдарға
қатысымен, заттану құбылысымен анықталады. Ал, керісінше, белгі
немесе сандық ұғымдарға қатысты болғанда, есімдіктер түрленбейді.
Сондықтан есімдіктердің морфологиялық жағынан түрленуі неме-
се түрленбеуі олардың өзі орнына қолданылатын сөз таптарының
грамматикалық сипатына байланысты болады. Есімдіктерді толық
қамтитын морфологиялық тұлғалар болмағанымен, олардың
кейбір топтары өзіне тəн морфологиялық түрлену жүйесімен
ерекшеленеді. Ондай ерекшеліктер есімдіктердің, əсіресе, септелу
жəне көптелу жүйесімен сипатталады. Есімдіктер біркелкі жүйемен,
заңдылықпен септелмейді, сондай-ақ септелу жүйесі барлық
есімдіктерді қамтымайды. Олардың ішінде септік жалғауын мүлдем
қабылдамайтын (
Достарыңызбен бөлісу: