Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет67/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

124
Е к і н ш і  б ө л і м
Практикалық сабақтардың тақырыптары мен 
тапсырмалар
1. Тілдің грамматикалық құрылысы
1. Сөйлемдердегі сөздерге морфологиялық талдау жасап
морфемалық құрамын анықтаңыздар.
Қонақасыға əрқашан аса мырза атанған Сүйіндік үйі бүгін де 
етті келістіріп асқан екен. Қарабастың өткір сары пышағы қыстан 
қалған семіз жаяны да, алтындай сары уілдірікті де лып-лып сызып, 
жапырақтап жатыр. Қыс бойы бордаққа байлаған, жаңада сойылған 
семіз қойдың жас сүбелері де бар екен (М. Əуезов). Шай ішіп болған 
соң, Ршыман бос кесеге ыстық су құйғызып алып, ұстарасымен 
сақал-мұртын басты. Əлі де қайраты қайтып, жаси қоймаған сақал-
мұрты қияқтай қатты білінгенімен, ағы дендеп бурыл тартыпты 
 
(А. Сейдімбек). 
2. Берілген сөздердің құрамындағы морфема түрлерін анықтап, 
түбір жəне қосымша морфемаларды бөліп жазыңыздар.
Қалың, көңілдену, білезік, түйеөркеш, жұмсақ, мезгіл, мезет, 
көкшіл, ұзақ, жүргінші, қысқы, желіс, желі, томсарыңқы, кеңес, 
кеңей, тыным, ағынды, сана, күмбірлет, жиналу, қалады, жайғас, 
түсінбес, бітімі, төселу, көндік, орналастыру, сейілту, түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет