131
Бөжей аулы Қопаның аузынан алыс емес. Абай жүрегі жаман белгіні
сезгендей су етіп, қатты аянышпен шаншып кетті. (М. Əуезов). Ба-
тыс жақ бетінің ұңғыл-шұңғылын үрінді қар тегістей жапқан. Қар
тұрмайтын
қия беттері қошқылданып, шұбарта көрінеді. Сай-сай,
сала-сала болып төмендеген етегі бірте-бірте ұсақ адырлы жалпақ
далаға ұласқан. Сонау көкжиекпен астаса созылып, сұлық жатыр.
Əредік-əредік кездесіп қалатын қараған, тобылғылардың ығына
үрінді қарлар теңкиіп-теңкиіп сұлай орналасыпты.
Сібірлеп атқан
таңның бозғылт сəулесіне жонын төсегендей ерекше ағара көрінеді
(А. Сейдімбек).
2. Етістіктерді морфемалық құрамы мен сөйлемдегі қызметіне
қарай талдаңыздар.
Екі ұрты кəдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкен
адамдардың
бетіндей боп, тозығы жетіп, жиырылып тұр. Өзі күйіп келген Абай
əке жүзінен қаймыға алмады. Бұл сөзінде Бөжейді жеңер дəлелі
бар еді. Кешпес қатал ызаға кетті. – Жылағанмен жақсы Бөжей
қайта ма? Бұл жұмыс өліктің артын күтудің үлкен
бір серті еді
(М. Əуезов). Əсіресе, қолмен құйғандай мінсіз тұлғаның еш дірілсіз,
зор қайрат, ұлы сабырда қалқып бара жатқанын көргенде, тасқа
шапса да қайтпайтын асылдың қайратындай қайрат таныған еді. Бұл
сəтте үстінен түнере өтіп бара жатқан түз
тағысына Мұрат та қадала
қарап қалған. Жай қарас емес, балалық толқу үстінде бүркіт бойы-
нан əкесі айтып отыратын қырандарға тəн ерекше қасиеттерді іздеп
еді. Əсіресе, ұзара түскен берік құйрығы мен болат шалғыша иілген
қос қанатына
іштей таңдана көз тігіп, мұндай қанат-құйрықты тек
қана өз қиялындағы мұзбалақ қырандарға тəн бітім деп түйген
(А. Сейдімбек).
Достарыңызбен бөлісу: