Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет77/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

11. Үстеу
1. Сөйлемдердегі сөздерге морфологиялық талдау жасап, 
үстеулерді мағынасына қарай топтастырыңыздар.
Бұл бай ауыл емес, бірен-саран ғана бозғылт үйі бар. Қазір сол 
ас басынан анау алыстағы қонақ үйлерге қарай күтушілер жосылып 
жатыр. Осы жаймен біраз отырған соң, есік жақта үлкен қозғалыс 
басталды. Барлық осы күйеулік жайын лезде қайта шолып шықты. 
Ақырын жүріп, дабырламай келді. Ол жақтан жалғыз кеп жатқан 
суық, қатал сөздердің бірталайын айтысып өтті. Əлі жаздың басы. 
Шыңғыстан жаңа ғана асып қонысқаны осы еді. Құнанбайдың мына 
баласын осында шақыртып алып отырған жəне жаңағыдай етіп 
бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған 
(М. Əуезов). Содан жаз ортасы ауа, шөп буынын бекітіп, қыркүйек 
туар мезгілде əлгі бүркіттер ертелі-кеш түңілектей боп қалқып, тау 
үстінен жиі көрінетін болды. Ауылдан ерте-ақ шығып едік, сəске 
түс əлетінде таудың бауыздау алқымына əзер іліктік. Таудан құлай 
ескен қоңыр леп терең шатқалда тұнып тұрған мың-сан өсімдіктің 
хош иісімен əлсін-əлсін шомылдырып өтеді. Кешікпей-ақ өңшең 


134
жас жігіттер Саңғырудың қия бетімен таутекедей ырғып, жоғары 
көтеріле бердік. Тау басына шыққан жанның дүние дидарын жаңа 
көргендей сұқтанатын əдеті. Сүмбідей сүйірленіп біткен биіктің ба-
сына бір шыққан соң, онша көп табан тоздырғамыз жоқ. Бүгін күн 
ашық болған соң, əдейі Саржалдың етегіндегі шалғай қорыққа тұяқ 
тигізген (А. Сейдімбек).
2. Үстеулерді тұлғасы жағынан өзіне ұқсас басқа сөз таптарынан 
ажыратып, ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін анықтаңыздар. 
Құнанбай қатты сұрланып алып, түрулі тұрған есіктен алыстағы 
көк адырға қадалып отырып, ернін жыбырлатты да, баяу ғана 
бата қылды. Əдейі алалап тастапты. Бөжей ұзақ ауырған жоқ. 
Тез бермейтінін біліп, балалар да талмай сұраушы еді. Кейбір өзі 
білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап қалады (М. Əуезов). Жыр-
та қарыс езуінің сарғыш табы əлі де қайта қоймапты. Өгіздің еті 
тасталған сайдың бергі жағындағы мұрыншақ төбеге тақалғанда, 
Мұса тізгін тежеп, баспалай қарады. Құс қарамын алыстан көрсе де, 
Мұса ой құсы екенін бірден таныды. Түз тағысының əлгі бір тоят 
алған кергуінен кейін Мұса уақыт алған жоқ. Бағана басқа атты 
ерттетпей осы шұбарды қалауы да сондықтан еді. Жемтік ортасын-
да отырған дала тағысы бойына біткен сақтықпен іле қимылдады. 
Кенет қорық тебінінен шығып, бұта басын шалып жүрген бірлі-
жарым ешкі-лақ, бойдақ қойлар əлденеден секем алғандай жалт 
беріп кейін серпілді. Түлкі қашанғы тыпырласын, əрі-беріден соң 
көзі жайнап көкке қараған қалпы керіліп тұра қалады. Аттан түсіп 
қарасам, жаңадан қазылған жалғыз ауыз ін. Тұйғын болса түлкі ініне 
тұмсығын əрі батыра алмай жанталасып жүгіріп жүр. Тұйғынды 
зекіп кейін тұрғыздым да, інге құрық салдым. Ал енді осыдан кейін 
аңшыны өтірікші деп көрші (А. Сейдімбек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет