135
жып келді. Құнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде Бөжей қыбыр етіп
қозғалған жоқ. Ол кей адамның айғыз-айғыз əжімінен, салбыраған
ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен,
əр алуан сақал-мұртынан – өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние
сипаттарын көргендей болатын (М. Əуезов). Кəдуілгі тасбақаның
сауыты, бұж-бұж болып қабыршақтана қурай бастапты. Арқасын
жақпар тасқа беріп, қауырсыны қата бастаған қара қанатымен жер
тіреп, ұшталып қалған біз тұмсығын сақ-сақ еткізеді. Айтқанындай,
сарылып көп күтпейді, əлден уақытта қарсы алдындағы көделі
ақ жалдан əлдене қараң етті дейді. Аңғарады да, тырс етіп дыбыс
шығармаған қалпы ақырының немен тынарын күтеді ғой. Күн ұзын
мамырлап, сабырмен жылжыған киік табаны осы сəт бірін-бірі киіп-
жарып, Айнабұлақтың үстінде шапұр-шұпұр болады да қалады. Бұл
екі арада қасқырдың бойын көріп қалған киіктер опыр-топыр болып,
əп-сəтте жөңкіле орғып, ыға жөнеледі. Үзеңгі-таралғысынан бастап,
ердің қасына дейін қаптырған құйма күміс жарқ-жұрқ етіп, алыстан
көз ұялтады. Лып-лып еткен епті қимылы, серпінді тегеуріні көрген
жанның айыызын қандырғандай (А. Сейдімбек).
2. Еліктеу сөздерді басқа сөз таптарымен тіркестіріп, сөйлем
құраңыздар. Олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңыздар.
Мырс, алшаң, ағараң, шарт, шұбалаң, көлбең, дүңк, қызараң,
баж, саңқ, жарқ-жұрқ, шалп-шұлп, кіржің, қылт, лау.
Достарыңызбен бөлісу: