Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет81/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

15. Модаль сөздер
1. Сөйлемдердегі сөздерге морфологиялық талдау жасап, модаль 
сөздерді тауып, мағынасы мен қызметін анықтаңыздар. 
Айтыс қысқарған сияқты. Шындап ойласа, Тəкежандардың 
шектен асып жатқан істері бар. Үлкен алдында жас қарызы, ата 
алдында бала қарызы – əдеп пен сый екені рас. Бір шақта өрге ба-
сып, енді, міне, қияға қарай да өрлеп келе жатқан тəрізді. Əкесінің 
ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз 
жұмыртқасындай көрінеді. Қайратты, шапшаң, ер адамның бай-
лауы сияқты (М. Əуезов). Көрік үйінен Сағын ақсақалдың алып 
шыққаны үлкенді-кішілі он шақты қақпан көрінеді. Байқаймын, 
ұяда қара қанат болып, есі кіріп қалған жалқы балапан бар сияқты. 
Сырт көзге, дəлірек айтсақ, адамның көзімен қарағанда ұшқан құс, 
жүгірген аңның бірі азулы, екіншісі айлакер, үшіншісі көрінгеннен 
зəбір көретін қорғансыз болып көрінуі мүмкін. Тəрізі, бай ауылының 
қонақты қарсы алуға қойған адамы болса керек (А. Сейдімбек).
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, модаль сөздердің 
басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсіндіріңіз.
Қысқасы, рас, білем, деседі, мүмкін, бəлкім, қажет, көрінеді, тиіс, 
керек.      




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет