29
• қанықтыратын мөлшер – тіндерде ДЗ–дың керек
концентрациясын жасауға көмектесетін ДЗ мөлшері (мысалы,
амиодарон, жүрек гликозидтерімен ем жүргізуде);
• соққылы мөлшер – белгілі эндогенді субстраттармен
(мысалы,
сульфаниламидтердің
соққылау
мөлшері,
фолий
қышқылының молекуласының құрылымына парааминобензой
қышқылымен бәсекеге түсуі) бәсекеге түсуі керек, препараттың
оңтайлы тіндік концентрациясын жасауға арналған ДЗ мөлшері.
Мөлшерлеу тәртібі – тәулік бойы енгізілген ДЗ мөлшері (бір
реттік немесе көп реттік) мен жиілігі көлемінің мөлшері.
Мөлшерлеу тәртібі көптеген себептерге оның ішінде, ең
маңыздысы жартылай шығарылу кезеңіне байланысты болады. ДЗ-
тың жартылай шығарудың кезеңіне сәйкес ФТ ұтымды жоспары
терапевтік мөлшердің бастапқа енгізілуі мен әрі қарай мөлшерін
ұстап тұру мен аралық уақытты сақтауға негізделген.
Мөлшерлеу тәртібі элиминация (бауыр, бүйрек) мен қан
айналым мүшелерінің функциональдық жағдайына әсер етеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға антибиотиктерді енгізудің
фармакокинетикасы
көрсеткендей,
хлорамфеникол
мен
эритромициннің элиминациясы өзгермейді, ал гентамицин мен
стрептомицин баяу шығарылады сондықтан, олардың енгізілу
жиілігін төмендету керек. Бауыр аурулары кезіңде ДЗ метаболизмі
баяулайды және препарат ағзадан ұзақ шығарылады.
Дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі жасқа байланысты.
Анықталғандай, балалар мен 60 жастан асқан адамдарда ДЗ-ға
сезімталдылық жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: